Home » Ақмола облыстық комитеті » Өзекті тақырыптар талқыланды

Өзекті тақырыптар талқыланды

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті дөңгелек үстел өткізді. Басқосу барысында  «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының директоры

Е. Исимбаев сөз сөйлеп, алдымызға қойылған мақсаттарға жету үшін елімізге интеллектуалдар қажет екенін айтты. Оларды мектеп, жоғарғы оқу орны даярлап, қалыптастырып шыға алады алайда, республикамыздағы халық білімі ақсап жатыр. Е.Исимбаев шараға облыстың 19 аймағынан қатысқан мұғалімдерді  конструктивті диалогқа, мәселені талқылауға және одан шығу жолдарын іздеуге шақырды.

Жиында ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің хатшысы Бейсенбай Мажитов та баяндама жасады. Ол жиналғандарды БАҚ материалдарымен оның ішінде «ТРИБУНА. Коммунист Казахстана» газетінің жарияланымдарымен таныстырды.

Қорытынды ұсыныстар мынадай болды:

1.Білім жүйесінде мұғалім құрылысшы, аула сыпырушы, қоғамдық насихатшы, мерзімді басылымдарға жаздырушы емес, оқытушы-тәрбиеші  болуы тиіс. Мұғалімнің қызметінен қағаз шығармашылығын, терроризмге қатысты есепті және тағы басқаларын алып тастау қажет.

Білім беру үдерісі екі дербес қызметтен тұруы тиіс. Оқу-тәрбие жұмысы. Оған педагогикалық ұжым жауапты болуы керек. Мұғалімдерді даярлаудың сапасын өзгерткен абзал. Жоғарғы оқу орындары да жаңғыруды талап етеді.

Жас мұғалімдердің келуіне жағдай жасау керек. Біліктілік тегін оқыту арқылы арттырылуы тиіс. Педагогтардың еңбекақысын түбегейлі шешу қажет. Деңгейлік курстар –  мемлекеттің ақшасын құр шығындау.

Сынып жетекшісінің төлемақысын шешу қажет.

2.Қоғамды құндылықтарды қастерлемеуден «емдеу» керек. Бұлай етпейінше жақсы білім болмайды.

3. Кітаптарды педагогикалық өтілі мен тәжірибесі бар ұжымдар жазуы керек.

Қолданыстағы кітаптарда қате көп, материалдар сіресіп тұр. Кейде әртүрлі  авторлық ұжымдар бір біріне қарама-қайшы фактілер мен мәліметтер береді.

4. Тегін білім кітаптармен қамтамасыз етілуі керек.

5. Негізгі кітап жалғыз болуы және ұзақмерзімге арналуы тиіс.

6.Нәтиже бермейтін «Өзін-өзі тану», «Абайтану» және т.б. пәндерді оқудан алып тастау керек. «Құқық» пәнін қайтару қажет. Сағаттарды жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарға  тиісінше бөлу керек. Денешынықтыру пәнінің артық сағаттарын қысқарту қажет.

7. Білімді басқа саладағы шенеунік емес, оқу үдерісін білетін, мектептің жайын ойлайтын адам басқаруы керек.

8. Бүгінгі таңда қазақстандық қоғам әділетсіздікпен жиі ұшырасады. Елдегі ішкі саясатты және білім үдерісін өзгерту қажет. Олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста.

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники