Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ!

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ!

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды мектепке дайындау мақсатында қайырымдылық акциясын өткізеді. Биылғы акция «Шапағат» мектепке дайындайды» деген атауға ие.

20914374_1869998556599195_2290449795167876182_n

Қазіргі заманда баланы мектепке дайындау үлкен қаражатты талап ететіні айдан анық.  Баланы мектепке дайындау отбасылық бюджетке елеулі әсерін тигізеді. Осы орайда халық коммунистері балаларды жаңа оқу жылына дайындауға материалдық қолдау көрсетіп жүр. Қазақстанның барлық аймақтарында жыл сайын қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Оның мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларды, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды мектепке дайындау.

Алматылық коммунистер де республикалық іс-шарадан тыс қалмады.  Күн сайын ҚКХП Алматы қалалық комитетінің кеңсесіне азаматтар көмек сұрап келеді, олардың арасында халықтың осал тобына жататын оқушылардың ата-аналары да бар. Тамыздың соңғы аптасында алматылық коммунистер он шақты отбасыға қол ұшын созды.

- Ана мен баланы қолдау ҚКХП, соның ішінде «Халық коммунистері» депутаттық фракция қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады,- деді өз сөзінде ҚКХП Алматы ҚК бірінші хатшысы Әлібек Шапенов. – Өкінішке орай үнемі көтеріліп отырған тауар бағасы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға мектепке балаларды дайындауға мүмкіндік бермейді. Кей кезде ата-аналар оқулықтарды да сатып алуға мәжбүр. Алматыда 0-сыныптың ата-аналары тегін оқулықтардың тапшылығынан 20 000 теңгеге оқулықтар сатып алуға мәжбүр екендіктеріне шағымдануда. Бұл мәселені шешуге ҚКХП сияқты саяси партиялар ғана емес, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар, кәсіпкерлер қауымдастығы атсалысулары тиіс. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, барлығымыз бірлесе көмек көрсетуіміз қажет!

Естеріңізге сала кетейік, ҚКХП Алматы қалалық комитетінің коммунистері «Шапағат» мектепке дайындайды» акциясын жалғастыруда. Көмекке мұқтаж қала тұрғындары Алматыдағы мына телефон номерлеріне хабарласа алады: +7 (727) 333 45 90, 333 45 91, 333 45 92.

Рәзия ӘБДӘҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика