Home » Партия тынысы, Қарағанды облыстық комитеті » Жамбыл Ахметбековтың индустриалды аймақтағы жұмыс сапары

Жамбыл Ахметбековтың индустриалды аймақтағы жұмыс сапары

Осы жылдың тамыз айында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды.  Сапар барысында халық қалаулысы аймақ тұрғындарының мәселелерімен етене таныс болды.

Мәжілісмен өз сапарын облыс орталығы Қарағанды қаласынан бастады. Депутат ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің кеңсесінде болып, партиялық активпен кездесті. Кездесуде Жамбыл Аужанұлы «Халық коммунистері» фракциясының Парламенттегі қызметі туралы баяндап берді.

- Президент өз сөзінде еліміздің негізгі даму бағыттарын айқындап берді. Алға қойылған мақсат ауқымды. Әлемдік даму үрдісінен қалыс қалмай, дүниежүзілік ғылыми жетістіктердің негізінде өнеркәсіп пен экономиканың дамуына бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет,- деді Жамбыл Ахметбеков өз сөзінде. – Әлемде кезекті өндірістік революция басталды. Қазіргі таңда мемлекеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық дамудың жаңа моделін құру қажет.

Депутат Елбасының Жолдауы біздің ел еңсере алатын мүмкіндіктерге толығымен сай екендігін атап өтті. Мемлекет басшысының сөзінше, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына мемлекеттік органдардың өздері жауапты болады.

- Әлемдегі жағдай қарқынды түрде өзгеріп отырады. Бұл жаңа жаһандық шынайылық, сондықтан біз оны қабылдауымыз қажет,- деді депутат.

8 тамыз күні коммунист Жамбыл Ахметбеков заңгер Айман Біржановамен бірге ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің қоғамдық қабылдауында қабылдау жүргізді. Жамбыл Аужанұлы 15-тен астам адамды қабылдады.

Депутат облыс орталығынан бес шақырым жерде орналасқан, бірақ аймақтық бөлініс жағынан Бұхар жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылы тұрғындарының шағымына қызығушылық танытты. Ауыл тұрғындары үшін жедел жәрдем, полиция немее ХҚКО құжат тапсыру  үлкен мәселе болып отыр.

– Үштөбеліктердің шағымдары үлкен мәселе тудырып отыр. Олар тұрмыстық мәселелері бойынша 70 шақырым жерде орналасқан Ботқара ауылына баруға мәжбүр. Бұл мәселені шешу керек,- деді халық қалаулысы.

9 тамыз күні депутат «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің ардагерлерімен кездесті.  Кездесуге келген он ақсақал Қарағанды қаласының кеншілер астанасы мәртебесін жоғалтып бара жатқаны туралы шағымдарын жеткізді. Бұған бірқатар шахталардың жабылуы емес, шахтер мәртебесінің төмендеуі себеп болып отыр деді олар.

- Өздеріңіз саралап көріңіз, бұрын шахтер жоғары жалақыға ие маман иесі болған. Кеншілер жеңілдіктерден басқа құрметке де ие болатын. Ал қазіргі жағдай ше? «Арселор Миттал» өзінің кеңсесін де қала орталығынан шалғайдағы шахтаға ауыстырып жіберді. Шахтерлардың жалақысы мен алынып тасталған жеңілдіктерді айтпағанда.

- Ардагерлер ерекше жеңілдіктер мен керемет өмірді талап етіп отырған жоқ,- деді «АрселорМитталТеміртау» АҚ-ның Көмір департаменті Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Виктор Чайка. – Қазіргі таңда ең төменгі зейнетақы 28 148 теңгені, ең төмен күнкөріс деңгейі 24 459 теңгені немесе 79 долларды  құрайды.  Ал РФ-да ең төмен күнкөріс деңгейі  152 долларды құрайды, Әзірбайжанда – 124 доллар, Еуропа елдерінде – 1600 доллар.  Қазақстанда белгіленген кедейшілік шегі 8 752 теңгеге тең, бұл өзге елдерден 2-2,5 есе төмен. Сондай-ақ  Виктор Яковлевич Қарағандыда атаулы әлеуметтік көмек ресми түрде ғана жүргізілетіндігін айтты.

- Өткен жылы 48 мың ардагерге 767 миллион теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Былай айтқанда үлкен сомма сияқты. Ал енді 767 миллион теңгені 48 мың адамға бөліңіз, кейін 12 айға және 30 күнге бөліңіз. Нәтижесінде 44 теңге шығады. Осы ақшаға зейнеткерлер дәрі-дәрмек, азық-түлік алулары тиіс па?

- Қарт адамдарға жылына бір рет – Қарт адамдар күнінде ғана көңіл бөлінеді,- деді Шахтинск қаласы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Борис Жуков. 2016 жылы мереке күні Қарағанды облысы бойынша 22 236 адамға 2 600 теңгеден табысталды. Бұл 160 мың қарт адамның 24 пайызы ғана. Қалған 76 пайызы елеусіз қалды. Дәл сол күні Қарағанды бойынша 1 539 адамға 1 800 теңгеден табысталды. Бұл 78 мың зейнеткердің 2 пайызы ғана!

- «Ардагерлер туралы заң» ТМД елдерінің барлығында қабылданған. Тек бізде жоқ,- деп сөзін жалғастырды зейнеткер. – Өкінішті, бұл заңды қабылдау туралы ұсынысымызға біз Әлеуметтік қорғау министрлігінен «бізге ондай заң қажет емес» деген жауап алдық.

Жамбыл Аужанұлы зейнеткерлерді мұқият тыңдап, барынша көмектесуге уәде берді.

Жамбыл Ахметбеков кеншілер астанасындағы жұмыс сапарын  «Құлыншақ» балалар үйіне барумен аяқтады. Тәрбиеленушілер қала сыртында болғандықтан, депутат педагогтар ұжымымен жүздесті.  Педагогтар «Халық коммунистері» фракциясының өкіліне Коммунистік партияның балалар үйіне деген ілтипатына ризашылықтарын білдірді. Олар ҚКХП Қарағанды ОК бірінші хатшысы Александр Зевахин балалар үйінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі екендігін айтып, оның жетім балалардың өміріне бей-жай қарамайтындығын айтты.

Жамбыл Ахметбеков балалар үйін аралап, тәрбиеленушілердің бөлмелерін, шаруашылық және әкімшілік орындармен таныс болды.

Дүйсенбі, яғни 14 тамыз күні  Мәжіліс депутаты Балқаш қаласындағы сапарын бастады. Ең әуелі ол қала әкімі Александр Аглиулинмен кездесті. Қала басшысы соңғы жылдары атқарылған істер туралы айтып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Мәжілісмен қаланың  әлеуметтік маңызды нысандарында болды.  Депутат Балқаш мыс қорыту зауытында кеншілермен кездесті. Зауытта коммунист депутат үш цехтың жұмысшыларымен кездесіп, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндірді. Сонымен қатар жұмысшылардың көкейінде жүрген мәселелермен де таныс болды. Кеншілердің көтерген мәселелерінің бірі – Қазақстанның экологиялық аймақтарындағы зиянды өндірісте еңбек ететін жұмысшылардың жалақысын көтеру, сондай-ақ «Құрметті кенші» атағын жаңғырту болды.

16 тамыз күні депутат «Балақай» балабақшасында болды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі 2016  жылы құрылған.

- Балабақшада 320 бала тәрбиеленеді, – деді балабақша меңгерушісі Зағира Мұхамеджанова. – Бұл 1 жас 6 айдан бастап тәрбиеленетін балаларға арналған 4 тобы бар алғашқы мекеме. Бұл топтарда 10 баладан тәрбиеленеді.  Сонымен қатар балабақшаға 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар келеді. Өткен жылы «Балақай» балабақшасының негізінде 0-сынып ашылды.

Халық қалаулысы балабақшадағы медициналық қызметкерлердің бөлмесінде, информатика кабинеттерінде болып, музыка кабинетінде балаларға арнап фортепианода ойнап берді.

- Елімізде мұндай балабақшалардың көп болуына депутаттар барынша үлес қосады, – деді Жамбыл Ахметбеков кездесу соңында.

ҚКХП Қарағанды ОК

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика