Home » Батыс Қазақстан облыстық комитеті, Партия тынысы » «Жастар жаңа форматты қолдайды!»

«Жастар жаңа форматты қолдайды!»

3 ақпан күні Орал қаласында «Жастар жаңа форматты қолдайды!» атты флешмоб өтті. Акцияның басты мақсаты  қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша Президенттің бастамасына қолдау білдіру  болды.

20170203_095029 (1)

Флешмобқа 30 адам қатысты: Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Жастар қанатының өкілдері, студенттер мен оқушылар.

Батыс Қазақстан облыстық комитетінің өкілдері «Қазақстан-Орал» телеарнасына сұхбат берді.

«Қазақстан Коммунистік Халық партиясы қолоданыстағы Конституцияны реформалау және билік тармақтарының өкілеттілігін қайта бөлу туралы Президенттің ұсынысын қолдайды. Президент өкілеттілікті қайта бөлу мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталғандығын айқын айтты.  Елбасының мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу жауапкершілігін мемлекеттік органдар өз мойнына алады деген сөдерін ерекше атап өткім келеді. Қазіргі кезде ҚКХП-ның барлық аймақтық партиялық ұйымдарында ұсынылған түзетулер жан-жақты талқыланып, ұсыныстар айтылып жатыр. Ұсыныстардың барлығы Қазақстан Коммунистік Халық партиясының атынан ұсыныстар блогын жасау барысында ескерілуі үшін партия басшылығына жолданады,-деді ҚКХП Басты Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов.

Облыстық комитеттің хатшысы Ниязбек Есенәлиев флешмоб туралы былай деді: «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Жастар қанатының өкілдері Президенттің ұсынған конституциялық реформалар идеясын қолдайды. Жастардың флешмобы – біздің қолдауымыздың көрінісі, жастарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға және Конституцияға түзетулер енгізу бойынша талқылауға қатысуға үндеу. Бұл – еліміздің бүгіні мен болашағы».

ҚКХП БҚОБ Баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники