Home » Партия тынысы, Қарағанды облыстық комитеті » Жастардың мәдени-рухани тәрбиесі

Жастардың мәдени-рухани тәрбиесі

12 мамыр күні ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінде «Жастардың мәдени-рухани тәрбиесі – мемлекет дамуының факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Іс-шараға облыстық комитеттің белсенділері, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың және БАҚ өкілдері қатысты.

02

Алғашқылардың бірі болып ҚКХП Қарағанды ОК бірінші хатшысы Александр Зевахин сөз сөйледі: – Жастардың мәдени-рухани тәрбиесі маңызды тақырып болып табылады. Себебі жастар – біздің болашағымыз, ертеңгі күні ел тізгінін өз қолдарына алатын азаматтар.

ҚКХП Қарағанды ОК  екінші хатшысы Тимур Сайфуллин тақырып бойынша баяндама жасады. Екінші хатшы  баяндамада мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақстандық жастар тәрбиесінің маңыздылығын ерекше назарға алғандығын атап өтті.

ҚКХП Абай аудандық комитетінің бірінші хатшысы Владимир Малыхин, жастар тәрбиесінде идеологиялық жұмыстарға аз көңіл бөлінетіндігі туралы айтты: «Ел патриоттарын жастайынан тәрбиелеуге бағытталған кешенді жоспар қажет. Бұл мәселеде Кеңес Одағының тәжірибесін қолданған абзал болар еді».

Облыстық комитеттің заңгері Айман Біржанова, қазіргі таңда қазақ халқына жат діни ағымдардан сақ болу қажеттігін атап өтті. Себебі бұл ағымдарға жастар көптеп тартылады. Облыстық ұйымның Ардагерлер кеңесінің төрағасы Лидия Близнюченко,  Жастар саясаты басқармасының өкілдеріне мекеменің іске асырып жатқан бағдарламалары мен іс-шараларын кеңінен насихаттау қажет деп ұсыныс жасады. Ал ҚКХП Қарағанды ОК үшінші хатшысы Анатолий Чен, жастар ісімен айналысатын шенеуніктерге «NEXT ұрпағымен» жұмыс жасаудың тиімді әрі қалыптан тыс формаларын іздестіруді ұсынды.

Іс-шара соңында қатысушылар айтылған ұсыныстар бойынша резолюция қабылдады.

ҚКХП Қарағанды ОК

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика