Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » ЖЕҢІС РУХЫ

ЖЕҢІС РУХЫ

Жеңіс күні ҚКХП Алматы қалалық комитетінің белсенділері қаланың мерекелік іс-шараларына қатысты. Халық коммунистері 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта ардагерлерді құттықтап, «Мәңгілік полктың» шеруіне қатысты.

587

Шеруге қатысушы, ҚКХП АҚК бірінші хатшысы Әлібек Шапенов: – Биыл «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар саны өте көп. Шамамен шеруге жүз мыңнан астам алматылық қатысып отыр.  Біз де шеруге қатысып отырмыз. Бұл  біз үшін өте маңызды. Жеңіс күні құтты болсын! Ұлы мерекенің ерлігі мен қаһармандығы ешқашан ұмыт болмасын. Барлық әлемде бейбітшілік орнасын,- деп өз құттықтауын жеткізді.

Өкінішке орай, елімізде  Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары жыл сайын сиреп келеді. ҚР Денсаулық сақтау  министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы республика бойынша  ҰОС қатысушылары мен мүгедектері  3668 адамды құраған.

Жеңіс күні – күнтізбедегі қызыл күн ғана емес. Бұл – қазақ халқының сұрапыл соғыста жауға қарсы тұрғандарға, ерлікпен Отан қорғағандарға деген құрмет пен алғыс.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика