Home » Алматы қалалық комитеті, Партия тынысы » ЖЕҢІС ЖОЛЫНДАҒЫ ЕРЕН ЕҢБЕК

ЖЕҢІС ЖОЛЫНДАҒЫ ЕРЕН ЕҢБЕК

ҚКХП Алматы ҚК «Цикл бесед» бағдарламасы аясында машина жасаушылар күніне орай кездесу өткізді. Бұл кәсіби мереке қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталады. Оның тарихы кеңестік заманнан бастау алады. Қазіргі таңда бұл меркені Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресейдің кейбір кәсіпорындары ғана атап өтеді.

veterany-mashinostroeniya-

Алматы қалалық комитетінде өткен кездесуге Қазақстан машина жасау ісінің ардагерлері: бұрынғы Киров атындағы Машина жасау зауыты мен ААМЗ зауытының қызметкерлері шақырылды. В.Р. Кюне, Н.Д. Никанкин және Б.А. Сафонов есімді ардагерлер өздерінің еңбек жолдары мен тәжірибелері туралы әңгімелеп берді.

Борис Алексеевич Сафонов, машина жасау ісінің ардагері:

- Киров атындағы зауыт Ресейден Қазақстанға ауысты. Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген зауыттар бүкіл Одақтан біздің республикаға көшірілді. Мен майданда болдым, жарақат алдым. Балтық бойы елдерін, Калининградты азат етуге қатыстым. Жеңістен кейін Алма-атаға еңбек етуге жіберілдім. Зауытта 1950 жылдың 6 ақпанынан 2016 жылдың 6 ақпанына дейін тапжылмай жұмыс жасадым. Өмірімнің 66 жылын зауыт жұмысына арнадым!

Виктор Ричардович Кюне есімді ардагер ААТМ зауытында 46 жыл еңбек еткен. Үшінші қонағымыз теңіз инженері Николай Дмитриевич Никанкин флотта 35 жыл қызмет жасаған.

Алматылық коммунистер ардагерлердің әңгімелерін үлкен қошеметпен тыңдады. Рас, мұндай қажырлы еңбек пен төзімділік үлкен құрметке лайық.

– Ерен еңбектеріңізге алғыс білдіреміз. Ғұмыр жастарыңыз ұзақ болсын! – деп, кездесудің модераторы ҚКХП АҚК үшінші хатшысы Марианна Сафронова ардагерлерге игі тілегін білдірді.

Кездесудің екінші бөлігінде ҚК Жастар қанатының жетекшісі Бауыржан Сайдахметовтың грузин большевигі, белді мемлекет және партия қайраткері, революционер Григорий Орджоникидзе туралы баяндамасы тыңдалды. Г.Орджоникидзе ХХ жылдардың 30-жылдары ХШЖК-ның төрағасы, кейін КСРО ауыр өнеркәсіп халық комиссариаты болған. Ол КСРО-дағы социалистік индустриализацияны іске асыруда, соның ішінде машина жасауды дамытуда  үлкен еңбек атқарған. Өз баяндамасында Бауыржан Сайдахметов Орджоникидзе өмірбаянының негізгі кезеңдеріне тоқтала кетті:

- 1907 жылы Орджоникидзе Бакуда партиялық жұмыс атқарған, Балахан ауданының партиялық ұйымдастырушысы, РСДЖП Бакинск комитетінің мүшесі болған. 1907 жылдың қараша айында қамауға алынып, Баку және Сухума абақтысында отырған. 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін Орджоникидзе Якутск кеңесі Атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланған. 1917 жылдың маусым айында РСДЖП Петроградск комитеті мен Петроградск кеңесі Атқарушы комитетінің құрамына кірген. 1917 жылы қарулы көтеріліске, кейін А.Ф. Керенский – П.Н. Красновтың әскери күштеріне қарсы шайқасқа қатысқан.

1917 жылдың желтоқсан айында Г.К. Орджоникидзе Украина ауданының уақытша төтенше комиссары, елдің оңтүстігінде Азық-түлік жөніндегі халық комиссариатының өкілетті ревизоры болып тағайындалған. 1918 ж. сәуір айында ол Оңтүстік ауданның уақытша төтенше комиссаритын басқарған. Азаматтық соғыс  жылдарында ол қызыл әскердің саяси жетекшілерінің бірі болған. 1918 жылы Орджоникидзе Донск республикасы ОАК-нің мүшесі, Царицына қорғанысын ұйымдастырушылардың бірі және Солтүстік Кавказ Қорғаныс кеңесінің төрағасы болған. 1919 жылы революционер Батыс майданының 16-шы әскерінің, кейін Оңтүстік майданның 14-ші әскерінің құрамында болған.

1920 жылдан бастап Г.Орджоникидзе Кавказ майданы мен Солтүстік Кавказ ревкомының мүшесі, Солтүстік Кавказда Кеңес үкіметін қайта құру бойынша Бюро төрағасы қызметін атқарған.  Әзірбайжан, Армения және Грузияда кеңес билігінің орнатылуына белсенді қатысқан. 1922-1926 жж. Григорий Орджоникидзе партияның аймақтық комитетінің хатшысы, Солтүстік Кавказ АК-нің бірінші хатшысы болып қызмет жасаған. 1926-1930 жж. ЖКП(б)  ОБК және ЖШИ халық комиссариатының төрағасы, ХКК және КСРО ЕҚК төрағасының орынбасары лауазымында қызмет жасаған, ал 1924 жылдан бастап КСРО РӘС мүшесі.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Яндекс.Метрика