Home » "Коммунист Казахстана" » Ұлғайтудан ешнәрсе де ұмытпаймыз

Ұлғайтудан ешнәрсе де ұмытпаймыз

Зейнет жасын ұлғайту дұрыс емес. Басқасын былай қойғанда, Қазақстанның экологиялық жағдайы тіптен сын көтермейді. Негізінде елде әйелдерді зейнетке 55 жастан, ер адамдарды 60 жастан шығаруға толық мүмкіндік бар.
Қазақстанда халық аз. Бюджетте қаржы жеткілікті.Сондықтан, Марченконың  зейнетке шығу жасын теңістіру туралы әңгімесін өз басым қолдамаймын. Өйткені – әйел ең алдымен бала тәрбиелеу керек. Халықтың өсуі оның денсаулығына тікелей байланысты. Оның артында ұрпақ болашағы жатыр. Бұл бірінші мәселе.

Қарттар мен 40-50 ге келгендердің денсаулығын қараңыз. Қарттардың денсаулығы әлдеқайда жақсырақ. Қазір бізде 1 миллион 700 мың зейнеткер бар,ал  нақты жұмыс  істейтіндердің саны бес миллион. Сонда жаңағы нақты жұмысы барлардың үкіметке салатын салығымен зейнеткерлерміздің зейнетақысың тағайындап отырмыз.Енді қараңыз, орташа есеппен алғанда күн көріс минимумы айына 15 мың 817 теңгеден келеді екен.Зейнеткерлердің алатын зейнетақысының орташа деңгейі де аталған минимумнан аса көп емес. Міне, сондықтан, керісінше зейнетақыны көтеру керек. Бұл үлкен проблема. Оның үстіне, Президент халыққа Жолдауында зейнетке шығу жасын көбейтуді емес, зейнетақы жүйесіне нақты реформа жасауды тапсырды.

Қазір зейнетақы жинақтау қорлары салымдарды айналысқа алаңсыз салып қалтасындағыдай емін-еркін пайдаланып жатыр.Зейнетақы қорларының кейбір басшылары салымдар есебінен өздеріне жеке депозит ашып қойып, үй, көлік дегендей керекті мүліктерін алып жатыр.Оның сыртында депозиттің үстіндегі пайыздық үлесті тағы да пайдасына жаратуда. Сондықтан, бұған халық тарапынан үлкен бақылау керек. Ол бақылаудың іске қосылыуын мемлекет қамтамасыз етуге міндетті десек, бұл мәселеде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі нақты механизмді іске қосуды ойласын. Әйтеуір, халық қордағы салымның жағдайын тоқсан сайын біліп отыруы керек.

Жәукен Көшенов, Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы

Яндекс.Метрика