Home » "Коммунист Казахстана" » Ұлғайтудан ешнәрсе де ұмытпаймыз.

Ұлғайтудан ешнәрсе де ұмытпаймыз.

Зейнет жасын ұлғайту дұрыс емес.Өйткені, басқасын былай қойғанда, Қазақстанның экологиялық жағдайы тіптен сын көтермейді.Негізінде елде әйелдерді зейнетке 55 жастан, ер адамдарды 60 жастан шығаруға толық мүмкіндік бар.Өйткені. бізде халық аз. Бюджетте қаржы жеткілікті.Сондықтан, Марченконың  зейнетке шығу жасын теңістіру туралы әңгімесін өз басым қолдаймын. Өйткені. Әйел ең алдымен бала тәрбиелеу керек.Халықтың өсуі оның денсаулығына тікелей байланысты.Соңғы деректер жаңа туылған балалардың 60 пайызына ауру екендігінкөрсетіп отыр.Сондықтан, біздер әйелдерге қамқорлық жасауымыз керек.Мұның артында ұрпақ болашағы жатыр.Бұл бірінші мәселе.

Қарттар мен 40-50 ге келгендердің денсаулығын қараңыз. Жігіт ағаларына қарағанда. Қарттардың саулығы әлдеқайда жақсырақ.Міне. бұдан келіп « қазіргі буынның көп бөлігі сол белгіленген зейнет жасына жете ала ма?» деген мәселе шығады.Мұны екі деңіз.Қазір бізде 1 миллион 700 мың зейнеткер бар. Қарап отырсаңыз, нақты жұмыс жасайтындардың саны -5 миллион.Сонда жаңағы нақты жұмысы барлардың Үкімітке салатын салығымен зейнеткерлерміздің зейнетақы тағайындап отырмыз.Енді қараңыз, орташа есепппен алғанда күн көріс минимумы айына 15 мың 817 теңгеден келеді екен.Зейнеткерлердің алатын зейнетақысының орташа деңгейі де аталған минимумнан ана бір айтарлықтай көп емес. Міне, сондықтан, керісінше зейнетақыны көтеру керек. Бұл- үлкен проблема. Оның үстіне, Президент халыққа Жолдауында зейнетке шығу жасын көбейтуді емес, зейнетақы жүйесіне нақты реформа жасауды тапсырды.

–          Расымен де қазір зейнетақы жинақтау қорлары салымдарды айналысқа алаңсыз салып қалтасындағыдай емін-еркін пайдаланып жатыр.Зейнетақы қорларының кей басшылары салымдар есебінен өздеріне жеке депозит ашып қойып, үй, көлік дегендей керекті мүліктерін алып жатыр.Оның сыртында депозиттің үстіндегі пайыздық үлесті тағы да пайдасына жаратуда. Сондықтан, бұған халық тарапынан үлкен бақылау керек. Ол бақылаудың іске қосылыуын мемлекет қамтамасыз етуге міндетті десек, бұл мәселеде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі нақты механизмді іске қосуда ойласын. Әйтеуір, халық қордағы салымның жағдайын тоқсан сайын біліп отыруы керек.

Жәукен КөшеновҚазақстан Коммунистік халықтық партиясының Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы

Яндекс.Метрика