Home » № 3//25.01.2013 » Латын әрпине көшу – қазақ тілін

Латын әрпине көшу – қазақ тілін

Ел тəуелсіздігі оралып, тарихымыз тарам-тарам жолдардан таралып, өзінің сара сүрлеуіне түскен шақта қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын əліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікірталастар жүргізіле бастады.

Естеріңізде болса, 2006 жылдың 24 қазанында өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ əліпбиін латынға көшіру жөніндегі мəселеге қайта оралу керек.

Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Əйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие жəне көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес.

Мамандар жарты жылдың ішінде мəселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Əлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», – деген болатын.

Расында да біздің елден бұрын латын қарпіне көшкен көршілес мемлекеттердің тəжірибесіне бір зер салып қарасақ… Кезінде түркі мəдениеті мен өнерін зерттеу, оны əлемдік деңгейде насихаттау мақсатында құрылған ТҮРКСОЙ-дың жиынында түркітілдес елдер латын əліпбиіне көшуді бір ауыздан қолдап, латын əліпбиіне көшті. Қызығы сол түркі халықтары тілі ұқсас болса да осы күнге дейін əр түрлі əліпбимен жазып, латын əліпбиін пайдаланатын түркі тілдес мемлекеттердің жазуы да бір ізге түсірілген емес.

Ал, біздің елдің латын əліпбиіне көшеміз дегеніне біршама уақыт өтсе де, əлі күнге халық арасында екі жақты тартыс пен талас тудырып отырған мəселе. Қазірдің өзінде жас пен кəрі демей осы мəселені кез-келген ортада қызу талқылап, сан түрлі пікірлер тудырып жатқан зиялыларымыз бен саналы жастарымыз аз емес. Қалай десекте ел ертеңін ойлайтын көзі қарақты, болашақты алыстан болжайтын зиялыларымыз бен еліміздің еңсесін тіктеп, егемендіктің туын ертеңге жеткізетін жастарымыздың бұл істі қолдағаны тегін емес.

Себебі, Ел басы биылғы халыққа жолдауында 2025 жылға дейін қазақ тілін латын алфавитіне көшіру отандық мəдениеттің дамуына үлкен септігін тигізетінін атап өткен Елбасы кезекті сөздерін былайша сабақтаған: «Бұл үдеріс жақсы дайындықпен жəне ойластырылып жүргізілуі қажет. Осы орайда, XX ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі əдеби жəне ғылыми мұралардың ауқымды қоры əзірленгенін есте сақтағанымыз жөн. Ең маңыздысы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы жоғалып кеткен жоқ. Біз қазақ тілін латын əрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз», – десе, енді бірде «Кейбіреулер бұдан Қазақстанның геосаяси артықшылығының өзгеру «айғағын» көргендей болғаны мүлде негізсіз. Оған еш негіз жоқ. Бұл туралы мынаны айта аламын. Латын əрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік.

Қараңғы бөлмеден қара мысық іздеудің қажеті жоқ, оның үстіне, қол онда ешқашан болмаған. 20-40-шы жылдары латын əрпі қолданылғаны нескес алып өтпекпін. Бұрынғы КСРО-ның одақтас он бес республикалары ішінен одақтың тарауына дейін үшеуінде ұлттық тіл латын тілі болып келген. Қазақстанның еуразиялық интеграцияға қатысуына келсек – бұл біздің принципті таңдауымыз.

Біз дұрыс бағытта алға жыл жып келеміздеп есептеймін, экономикалық интеграция бүкіл əлемнің міндеті болып саналады. Біздің дамып кележатқан экономикамыз жаңа нарықты талап етеді, сондықтан біз саяси емес, экономикалық интеграцияға қадам басып келеміз. Елдің саяси егемендігі мəселесі талқыланбайды», – деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ Астана қаласы

Яндекс.Метрика