Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Ленин бабамызды еске алды

Ленин бабамызды еске алды

19 – қаңтар күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті В.И.Ленин бабамыздың ескерткішінің алаңында сенбілік жүргізді.

Бұдан дәл сексен тоғыз жыл бұрын, 1924 жылы қаңтардың 21-күні Ресей большевиктер партиясының көсемі Владимир Ленин қайтыс болған еді. Ленин өлгенімен, ол негізін қалаған Кеңес мемлекеті әлемнің алтыдан бір бөлігін қамтыған ұлан – ғасыр жерде жүздеген ұлт пен ұлысқа жетпіс жыл билік жүргізді. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті В.И.Лениннің 21 – қаңтар қайтыс болған күніне орай, Ленин ескерткішіне жиналды. Алаңға жиналған қала тұрғындары Лениннің жарқын бейнесі ешқашанда ұмытылмайтындығын және оның ұлы тұлға екендігін тілге тиек етті.

«Оқы, оқы және оқы» деп жақсы оқуға үйреткен Ленин атамыз. Біз қазір жастарға білім алу керектігін айтып келеміз. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жастардың білім алуға мүмкіндіктері жетерліктігін айтты. Біз өткен тарихты ұмытпауымыз керек, – деді Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комиетінің бірінші хатшысы Ерболат Даулетқазиев Ғұсманұлы.

В.И.Ленин, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы ойшылдарды баға бергендей, аса биік, данышпан адам. Өркениетті мемлекеттердің барлығы өздерінің өткен басшыларына тарихи тұлға деп қарайды. Ленинді ешқандайда кінәлауға және ұмытуға болмайды. Бүгін біз Ленин бабамызды еске алып, ескерткшіне гүл шоқтарын қойдық. Тарихта қалған күндерді еске алып келеміз, – деді. ҚКХП Атырау облыстық комитетінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәукен Хайырлыұлы Көшенов. Бұл шараға 30-ға жуық жастар мен қала тұрғындары партия ардагерлері Манап Абдырахимов, Құрманбай Құлбабаев және т.б қатынасты.

 

 

Гүлжан Инжелова

Яндекс.Метрика