Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Ұлы Қазан төңкерісіне 97 жыл

Ұлы Қазан төңкерісіне 97 жыл

Бүгін, Ұлы Қазан оқиғасына 97 жыл толып отыр. Кеңес Одағындағы 7 қарашада аталып өтілетін басты мерекелердің бірі болды. Кеңес Одағы күйрегеннен кейін көптеген одақтас республикаларда маңызын жойды. Өткен ғасырдың бірінші ширегіндегі қатаң жүйені талқан етіп, қалың бұқараның үмітін ақтаған бұл оқиға аға буын өкілдерінің есінен кетпесі анық. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы Ұлы Қазан төңкерісінің 97 жылдығына орай В.И.Ленин ескерткішіне гүл қою рәсімі мен митинг өткізді.

Өткен күндерін әлі аңсайтын коммунистер осы мерекеге орай, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті және еңбек ардагерлері, жас комсомолдар мен коммунистердің БАҚ өкілдерінің  қатысуымен В.И. Ленин ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімін жасады. Мерекелік шараның алғашқы сөз кезегін Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы, орталық комитетінің мүшесі, шараны ұйымдастырушысы Ерболат Ғұсманұлы Дәулетқазиев өзі ашып беріп, ҚКХП Атырау облыстық комитетінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәукен Қайырлыұлына сөз ұсынды. Үлкен мерекеде өткен қайсарлы ұлы адамдардың ерлігі туралы айтылып, Қайырғали Смағұлов, Гаври Шамин, Мұса Баймұханов, Еркін Шүкіров т.б батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кеңес уақытындағы «Мой адрес  –  не дом и не улица, Мой адрес – Советский союз» атты әннің сөзін коммунистер әлі күнге дейін қолданып келеді. «Мой адрес – советский союз» дәл осы ұранмен комсомол  жастар жарқырап тұрды.  Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан әр түрлі ұлт өкілдері ынтамақтастығы жарасып тату-тәтті өмір сүруі маңызды. Қазіргі кезде ұлы қазан төңкерісіне қатынасқан революционерлердің аты берілген Афанасьев, Совдепа, Красноармийский, Советский, Мұса Баймұханов көшелері, және «Революционерлер аллеясы» атты аллеяда бар.

Ұлы Қазан төңкерісінің 97 жылдығына орай В.И.Ленин ескерткішіне гүл қою   рәсіміне және  митингке  әр қала мектептерінен мұғалімдер оқушылар, колледждерден жас комсомолдар қатысады. Шара барысында Николай Шельмин, Мурат Ликаров, Тыныс Бисалиев,   Асқар Сатыбалдиев, Садыржан Жакеновтарды  партия қатарына, жаңадан студенттер жастарды комсомолдар құрамына  қабылданды.

Митингке облыстық әкиматы, қала әкиматы, Атырау облыстық ардагерлер кеңесі, Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, Атырау бизнес және құқық колледжі, Атырау политехникалық колледжі, Атырау инженерлік-индустральдық колледжі, Атырау мұнай және газ технология               колледжі,     тағы да басқалары қатысты.  Барлығы 100-ге жуық қатысушы болды.

Митинг соңында қатысқан қонақтарға, ардагерлерге арналған ыстық шәй, тәтті тағам таратылды.

 ҚКХП Атырау облыстық

филиалының баспасөз қызметі.

Яндекс.Метрика