Home » "Коммунист Казахстана" » МҮГЕДЕКТЕРДІҢ МЕРЕКЕЛІК КЕШІ

МҮГЕДЕКТЕРДІҢ МЕРЕКЕЛІК КЕШІ

Қазан айының екінші жексенбісі мүгедек жандарының күні болып белгіленген.

Осы мереке күннің құрметіне арналған облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында мүмкіндігі шектеулі өнерпаздардың «Өмір гүлі» ансамблінің қарттар күніне жəне ұстаздар мерекесіне арнап концерт қойды. Қоғамның əлсіз топтарына қамқорлық жасап, көмек көрсету – əлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Бұл шараға «Аэлита» спорттық клубы, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, колледждердің студенттері қатысты. Облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Манап Абдрахимов мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіліп жатқан көмекке

ризашылықтарын білдіріп, ұсыныстарын құптаған басшылар мен демеушілік танытқан жандарға алғыстарын жаудырды. Кеудесін əн кернеп, тыңдарманын əуезді əнімен баурап алған мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созғандардың бірі Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Ғұсманұлы Дəулетқазиев сөз сөйлеп, мерекеге арналған гүл шоқтарын ұсынды. Бұл кеште ерекше сезімге бөленіп отырғанын жасырмады.

Міне, олардың өмірге деген жігерлілігінің арқасында жеткен жетістіктері аз емес. Осы секілді өмірдің əртүрлі қиыншылықтарына мойымай, тағдырдың салған тəлкегіне шыдап, өмір сүріп келе жатқан мүгедектер қаншама əлі? Мүгедектер қоғамнан шет қалуға тиісті емес. Сондықтан, оларға қолұшын бере білу – тұтас қоғамның парызы. «Өмір гүлі» ансамблінің өнерпаздарының қатысуымен əртүрлі тақырыпта əн айтылып, нақышына келтіріліп би биленді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға рухани қолдау көрсетуге «Аэлита» спорттық клубының бишілері жəне студенттер жастарда өнер көрсетті.

Гүлжан Инжелова, Атырау

Яндекс.Метрика