Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Мүгедектердің мерекелік кеші

Мүгедектердің мерекелік кеші

Қазан айының екінші жексенбісі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 1993 жылы 15-маусымдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы мүгедек жандарының күні болып белгіленген.

Осы мереке күнінің құрметіне арналған облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында мүмкіндігі шектеулі өнерпаздардың «Өмір гүлі» ансамблінің концерті өтті. Қоғамның әлсіз топтарына қамқорлық жасап, көмек көрсету – әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Бұл шараға «Аэлита» спорттық клубы, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, колледждердің студенттері қатысты. Облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Манап Абдрахимов мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіліп жатқан көмекке ризашылықтарын білдіріп, ұсыныстарын құптаған басшылар мен демеушілік танытқан жандарға алғыстарын жаудырды. Кеудесін ән кернеп, тыңдарманын әуезді әнімен баурап алған мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созғандардың бірі Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Ғұсманұлы Дәулетқазиев сөз сөйлеп, мерекеге арналған гүл шоқтарын ұсынды. Бұл кеште ерекше сезімге бөленіп отырғанын жасырмады.

Міне, олардың өмірге деген жігерлілігінің арқасында жеткен жетістіктері аз емес. Осы секілді өмірдің әртүрлі қиыншылықтарына мойымай, тағдырдың салған тәлкегіне шыдап, өмір сүріп келе жатқан мүгедектер қаншама әлі? Мүгедектер қоғамнан шет қалуға тиісті емес. Сондықтан, оларға қолұшын бере білу – тұтас қоғамның парызы. «Өмір гүлі» ансамблінің өнерпаздарының қатысуымен әртүрлі тақырыпта ән айтылып, нақышына келтіріліп би биленді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға рухани қолдау көрсетуге «Аэлита» спорттық клубының бишілері және студенттер өнер көрсетті.

 

 

 

Гүлжан Инжелова

Атырау

Яндекс.Метрика