Home » "Коммунист Казахстана" » Мұнайшылар басылды, енді металлургтер көтерілді

Мұнайшылар басылды, енді металлургтер көтерілді

Ақтаудағы  “Каспиан Сталь” зауытының жұмысшылары жаппай наразылық шарасына шықты. Себеп әдеттегідей. Көбінің жалақы көрмегендеріне екі, үш айдың жүзі болған. Соның кесірінен бүгін зауытта жұмыс тоқтап, апатты жағдай орын ала жаздады. Балқыған металл далаға аққанда апаттың көкесі сонда болар еді, – дейді компания басшылары. Енді олар жұмыс орнын тастап кеткен металлургтерді сотқа бермекші.

Еңбек ақыны үзіп-бөліп беруді “Каспиан Сталь” зауытының басшылығы әдетке айналдырған. Бұған металлургтер де біраздан бері көндігіп келген. Алайда жұмысшыларлдың төзімі таусылды ақыры. Зауыт жұмысы тоқтап, барлығы маңдай тер ақыларын талап етіп кәсіпорын әкімшілігінің алдына жиналды.

Яндекс.Метрика