Home » "Коммунист Казахстана", № 27//19.07.2013 » Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков ҚазАТУ ұстаздарымен, студенттерімен, жұртшылықпен кездесті

Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков ҚазАТУ ұстаздарымен, студенттерімен, жұртшылықпен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің «Халықтық коммунистер» фракциясының депутаттарының аймақтарда өз сайлаушыларымен кездесулері жалғасуда. Таяуда Астанада 13 шілде күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚКХП ОК хатшысы Жамбыл Ахметбековтың Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұстаздары мен студенттер қауымымен, жұртшылықпен кездесуі болып өтті. Депутат оқу орнының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен ұстаздар қауымының, студенттердің  тұрғын үймен, жатақханамен қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік жағдайларына көңіл бөлді. Кездесу барысында сөз алған университет ректоры А. Күрішбаев оқу орнының кешегісі мен бүгінгісіне тоқталып, профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің бүгінгі жай-күйі, білім сапасы туралы әңгімелеп берді.

Сонымен қатар оқу орнының ұстаздары үшін болашақта салынар сол жағалаудағы көп қабатты тұрғын үй кешеніне көмек көрсеткені үшін Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбековке ризашылығын білдірді. Депутат болса өз кезегінде университеттің бүгінгі даму барысына оң бағасын берді.

Қазақстан Республикасының экономикасы дамып, халықтың тұрмысы жақсара беруі үшін жоғары білімді азаматтарды дайындау үлкен рөл атқарады. Сол бағытта еліміздегі жоғары оқу орындары білімді, мәдениетті, қазіргі заманғы техниканы терең меңгерген түлектер дайындап келеді. Солардың қатарында А. Күрішбаев басқаратын Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің де барлығы қуантады.

Сонымен қатар кешегі түлектердің қазіргі мамандардың өз университеттерін азаматтық тұрғыдан қолдауы да маңызды.

Кездесу соңында Мәжіліс депутаты, қонақтар студенттердің жатақханаларында болып, олардың тұрмыстарымен танысты.

Салтанатты кеш қоғамдық кәсіптер факультетінің студенттері әзірлеген мерекелік концертпен аяқталды.

 

Аман Іргебай,

Астана

Яндекс.Метрика