Home » Партийная жизнь, Центральный комитет КНПК » Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков ҚазАТУ ұстаздарымен, студенттермен, жұртшылықпен кездесті

Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков ҚазАТУ ұстаздарымен, студенттермен, жұртшылықпен кездесті

Астанада 13 шілде күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбековтың Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұстаздары мен студенттер қауымымен, жұртшылықпен кездесуі болып өтті.

Депутат оқу орнының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен ұстаздар қауымының, студенттердің  тұрғын үймен, жатақханамен қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік жағдайларына көңіл бөлді. Кездесу барысында сөз алған университет ректоры А. Күрішбаев оқу орнының кешегісі мен бүгінгісіне тоқталып, профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің бүгінгі жай-күйі, білім сапасы туралы әңгімелеп берді.

Сонымен қатар оқу орнының ұстаздары үшін болашақта салынар сол жағалаудағы көп қабатты тұрғын үй кешеніне көмек көрсеткені үшін Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбековке ризашылығын білдірді. Депутат болса өз кезегінде университеттің бүгінгі даму барысына оң бағасын берді.

Кездесу соңында Мәжіліс депутаты студенттердің жатақханаларында болып, олардың тұрмыстарымен танысты.

Салтанатты кеш қоғамдық кәсіптер факультетінің студенттері әзірлеген мерекелік концертпен аяқталды.

 

Аман Іргебай

Астана 

Яндекс.Метрика