Home » "Коммунист Казахстана", № 44//20.12.2013 » Мәжiлiс «Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасын мақұлдады

Мәжiлiс «Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасын мақұлдады

Таяуда Мәжiлiстің жалпы отырысында депутаттар «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР заң жобасын екiншi оқылымда мақұлдады. Заң жобасында көзделген iс-шараларды iске асыру банкроттықтың қазiргi жүйесiн әлемдiк стандарттар деңгейiнде жетiлдiрудi қамтамасыз етедi, кепiлдi кредиторлар мүдделерiнiң басымдығын белгiлейдi. Бұл Дүниежүзiлiк банктiң «Кредит алу» және «Төлем қабiлеттiлiгiн шешу» индикаторлары бойынша «Doing Business» рейтингiндегi Қазақстанның позициясын арттыруға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ бизнеске түсетiн әкiмшiлiк жүктеменi төмендетедi, елдегi бизнес-ахуалды жақсартады және мемлекеттiң инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Дүниежүзiлiк банктiң сарапшылары әзiрлеген кредиторлардың дәрменсiздiгi мәселелерi мен құқықтары жөнiндегi стандарттар мен кодекстердi сақтау туралы есепке сәйкес заңының кейбiр ережелерiнiң айқын еместiгi немесе маңызды ережелердiң жоқтығы, кредиторлардың құқықтарының жеткiлiктi қорғалмауы, институционалдық кемшiлiктер, сондай-ақ рәсiмдердi басы артық кешеуiлдетуге әкеп соқтыратын талаптардың болуы Қазақстандағы банкроттық жүйенiң негiзгi кемшiлiктері болып табылады. Қолданыстағы заңнаманы өзгерту банкроттық жүйенiң ашықтығын арттырады, оны болжап бiлуге болатындай етедi, осы саладағы сыбайлас жемқорлықты едәуiр төмендетедi, халықтың әдеуметтiк әлсiз жiктерiн қорғауды күшейтедi, мұның өзi сайып келгенде, банкроттықтың барынша тиiмдi жүйесiн құру үшiн алғышарттар жасайды.

Депутаттар енгiзген түзетуде банкроттықты басқарушыларға банк құпиясын қамтитын мәлiметтердi беру, шешiм қабылдау кезiнде үлестес тұлғаларды дауыс беру құқығын айыру, әкiмшiнiң мiндеттерiн орындау мерзiмін белгiлеу, мүліктi бiрыңғай лотпен аукционға шығару т.б. көрсетілген.

Аман Іргебай,

Астана

Яндекс.Метрика