Home » "Коммунист Казахстана", № 44//20.12.2013 » Мәжілісте шарттар мен тілдерге қатысты заң жобасы мақұлданды

Мәжілісте шарттар мен тілдерге қатысты заң жобасы мақұлданды

Таяуда Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста халықаралық шарттарға байланысты түзетулерді қарастыратын депутаттық заң жобасы  мақұлданды.

Мәжіліс депутаттары М.С. Әшімбаев, З.Я. Бәлиева және Қ.С. Сұлтанов бастамашы болған заң жобасында «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Заң жобасында «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Шет мемлекеттермен екіжақты халықаралық шарттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде және тараптардың келісуі бойынша өзге де тілдерде жасасу көзделетін өзгерістер енгізілмек.

Заң жобасын таныстыру барысында сөз сөйлеген депутат Мәулен Әшімбаев көптеген халықаралық шарттар орыс тілінде жасалатындығын, ал қазақ тілінде жасалатын халықаралық шарттар аз және онда қателіктер орын алатындығын, сондықтан алдағы уақытта ондай кемшіліктерді жібермеу керектігін атап өтті.

Түзетулерді жалпы отырыста дайындаушылардың бірі – Халықаралық істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев таныстырды.

 Бек Әлиұлы,

Астана 

Яндекс.Метрика