Home » "Коммунист Казахстана", № 43//13.12.2013 » Мәжілістегі дөңгелек үстелде қазақ-ауған ынтымақтастығы талқыланды

Мәжілістегі дөңгелек үстелде қазақ-ауған ынтымақтастығы талқыланды

Жуырда Мәжілісте «Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың заманауи кезеңі» деген атаумен дөңгелек үстел өтті.

Мәжіліс баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық-ауғандық парламентшілер, Қазақстан мемлекеттік органдарының басшылары, сарапшылары парламентаралық ынтымақтастық, сауда-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен бірге аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселесіне де назар аударылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірінше, келер жылдың сәуір айында Ауғанстанда өтетін президент сайлауына, қауіпсіздікке араласатын Халықаралық күштер контингентін Ауғанстаннан шығаруға байланысты аталған мәселе өте өзекті болып  тұр. Сондықтан да тараптар бұл мәселеге баса маңыз береді.

Елдегі сайлауалды жағдаймен танысқан ауғанстандық парламентшілер өздерінде Қазақстанның көмек көрсетуі арқасында біраз өзгерістер болып жатқанын мәлімдеді.

Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті Волеси Джиргасының вице-спикері Мохаммад Сальджуки  Қазақстан Президентіне Ауғанстанға көрсетіп отырған қолдауы үшін, маңызды әлеуметтік, гуманитарлық көмектері үшін алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев барлық саладағы қолдаудың маңызына тоқтала келіп, бүгінгі жағдайдағы аса маңызды міндет – Ауғанстанды сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық, т.б. жүйелерде аймақтық ынтымақтастыққа тарту екенін атап өтті:

– Парламент бүгінде Ауғанстанда саяси, діни, этникалық әртүрлі топтарды шоғырландырған маңызды институт болып отыр. Бұл институттың ауғандық қоғамда өмір сүріп жатқан әртүрлі көзқарастарды келісімге келтіруге мүмкіндігі бар. Сол үшін оған және осы елдегі парламентаризмнің дамуына көмек бергеніміз дұрыс болады.

Тұрсын Бекұлы,

Астана  

Яндекс.Метрика