Home » Мангистауский обком, Партийная жизнь » Маңғыстауға жұмыс сапарымен коммунист-мәжілісмен келді

Маңғыстауға жұмыс сапарымен коммунист-мәжілісмен келді

10 қаңтар күні Маңғыстау облысына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков жұмыс сапарымен келді.

Мәжілісменнің Маңғыстауға келу мақсаты – Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын облыс тұрғындарына түсіндіру. Жамбыл Әужанұлы өз сапарын ҚХКП облыстық комитеті активімен кездесуінен бастады. Кездесуге облыстық комитеттің хатшылары Рухия Алдоңғарова мен Баянсұлу Умралина, бақылау-ревизиялық комиссия төрайымы Наталья Карапетян және Маңғыстаудың басқа да халық коммунистері қатысты – барлығы 16 адам.

– Менің сіздердің облысыңызға сапарым 19 қаңтарға дейін созылады. Осы уақыт ішінде облыстың барлық аудандары мен қалаларының халқымен кездесуді жоспарлап отырмын. Сонымен қатар, өзімнің алдыңғы жылдардағы тәжірибемді ескере отырып, максималды тиімділікке жету үшін күніне бір кездесуден артық өткізбеуді жоспарладым, – дейді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.

Содан кейін Жамбыл Ахметбеков «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының жұмысы және өзінің ҚР Парламент Мәжілісі әлеуметтік-мәдени комитетінің құрамындағы заң туындату іс-әрекеті жөнінде толығырақ әңгімеледі. Оның айтуынша, қазіргі таңда коммунист-мәжілісмендер ветеринария туралы, жергілікті өзін-өзі басқару туралы, сайлау туралы және т. б. заң жобаларымен жұмыс жасауда, азаматтарды қабылдау жүргізуде, әр түрлі сұраныстарды рәсімдеуде, басқа да көп уақыт қажет ететін жұмыстармен айналысуда.

– Өткен жыл ішінде біздер 91 заң жобасын қарастырдық, олардың 76 Сенатқа жолдадық. Партиямыздан сайланған депутаттар Мәжілістің барлық жеті комитетінде қызмет атқарады. Біздер, коммунист-мәжілісмендер, «Нұр Отан» және «Ак жол» партияларының мәжілісмендерімен келісе отырып жұмыс жасаймыз. Бір сөзбен айтқанда, жұмысымыз ауыр, қиын, бірақ жағымды, себебі біздің еңбектеріміз еш болмай, Қазақстан халқына пайда тигізетіндігіне сеніміміз мол, – деп Жамбыл Әужанұлы әңгімесін жалғастырды.

Соңында кездесу маңғыстаулық халық коммунистерімен сұхбатқа ұласты. Кездесуге қатысушылар іс-шараны осылайша қорытындылады: ҚР Президентінің соңғы екі жолдауы ҚХКП идеяларына сәйкес – оларда әлеуметтік мәселелерге, еңбек адамының тұрмыстық проблемаларына ерекше назар аударылған.

ҚХКП Маңғыстау облыстық комитетінің баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика