Home » Актюбинский обком, Партийная жизнь » Маңызды сұрақтар талқыланды

Маңызды сұрақтар талқыланды

11 желтоқсан 2013 жылы Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Ақтөбе облыстық өкілдігінің кеңсесінде облыстық партия бюросының ашық отырысы өтті. Отырысқа бес аудан хатшысы және Ақтөбе облыстық өкілдігінің қызметкерлері қатысты.

 Бюрода қарастырылған негізгі сұрақтар:

1. Қандай интернет-сайттармен жұмыс жасаймыз;

2. «Коммунист Қазақстан» газетіне жазылыс барасының жағдайы;

3. Әр түрлі тақырыпта сұрақтар.

Бірінші сұрақ бойынша ҚКХП Ақтөбе облыстық өкілдігінің офис-менеджері Нұрбек Мұхамбет толық мағлұмат беріп өтті. Және де біздің кеңсе жұмыс жасайтын сайттардың электрондық мекенжайларын қағазға шығарып аудандық хатшыларға таратып берді.

Екінші сұрақ бойынша ҚКХП Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз хатшысы Алтынай Жетписбаева «Коммунист Қазақстан» газетіне жазылыс барысы өте жақсы жүріп жатқандығын және де осы жылғы жоспарды орындағандықтарын айтып партия активтеріне алғысын білдірді.

ҚКХП Ақтөбе облыстық өкілдігінің бірінші хатшысы Жанат Молдашев партиядағы соңғы болып жатырған жаңалықтар бойынша мағлұматтар беріп өтті.

Отырыстың соңында ҚКХП екінші хатшысы Бота Жумагулова атқарылған жұмыстар бойынша кейбір аудан хатшыларына ескертулер беріп кейбіреулеріне жақсы жұмыс жасағандары үшін партия атынан алғысын білдірді.

 

 

Алтынай  ЖЕТПИСБАЕВА,

ҚКХП Ақтөбе ОК

баспасөз хатшысы

12.12.2013ж.

Яндекс.Метрика