Home » "Коммунист Казахстана", № 44//20.12.2013 » Маңызды сұрақтар талқыланды

Маңызды сұрақтар талқыланды

Кеше 11 желтоқсан 2013 жылы Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Ақтөбе облыстық өкілдігінің кеңсесінде облыстық партия бюросының ашық отырысы өтті. Отырысқа бес аудан секретарі және Ақтөбе облыстық өкілдігінің қызметкерлері қатысты.

 Бюрода қарастырылған негізгі сұрақтар:

1. Қандай интернет-сайтармен жұмыс жасаймыз

2. «Коммунист Қазақстан» газетіне жазылыс барасының жағдайы

3. Әр түрлі тақырыпта сурақтар

Бірінші сұрақ бойынша ҚКХП Ақтөбе облыстық өкілдігінің офис-менеджері Нұрбек Мұхамбет толық мағұлмат беріп өтті. Және де біздің кеңсе жұмыс жасайтын сайттардың электрондық мекенжайларын қағазға шығарып аудандық хатшыларға таратып берді.

Екінші сұрақ бойынша ҚКХП Ақтөбе облыстық өкілдігінің пресс-секретарі Алтынай Жетписбаева «Коммунист Қазақстан» газетіне жазылыс барасы өте жақсы жүріп жатқандығын және де осы жылғы жоспарды орындағандықтарын айтып партия активтеріне алғысын білдірді.

ҚКХП Ақтөбе облыстық өкілдігінің бірінші секретарі Жанат Молдашев партиядағы соңғы болып жатырған жаңалықтар бойынша мағұлматтар беріп өтті.

Отырыстың соңында ҚКХП екінші секретарі Бота Жумагулова атқарылған жұмыстар бойынша кейбір аудан секретарларына ескертулер беріп кейбіреулеріне жақсы жұмыс жасағандары үшін партия атынан алғысын білдірді.

Алтынай  ЖЕТПИСБАЕВА,

ҚКХП Ақтөбе ОК

баспасөз хатшысы

Яндекс.Метрика