Home » Кызылординский обком » Марапаттау

Марапаттау

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 15-ші жұлдызында Қызылорда облыстық әкімшілігінің баспасөз клубында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өнер, ақпарат және қоғам қайраткерлерін марапаттау рәсімі өткізілді. Осы іс-шара барысында Қазақстан Коммунистік Халык партиясының Қызылорда обкомының І-ші хатшысы Досаев Жұмабек – Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Медальды Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басқарма бастығы Жалиев Нұрхан Бұқарбайұлы табыстады. Сонымен қатар осы медальмен тағы 8 адам, оның ішінде: Жаппарханов Өтеген және Рахымбекұлы Әскербек – еңбек ардагерлері, Мырзахметов Қайырбек – журналист, жазушы, ардагер, Қырымов Досхан – «Облыстық мүгедектер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Раманқұлов Алтынбай Мүсілімұлы – «Әділет» демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Тұртаев Алмас Ұзақұлы – Республикалық «Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық филиалының төрағасы, Исаев Мовлади Магомедұлы және Гейдарова Гульчин Ансерқызы марапатталды.

Сол сияқты тағы Облыс әкімінің Құрмет грамотасы Баймаханов Қайраддин Алибаевич, Аңсатова Меруерт Нағыметқызы, Бердыбаев Бақтыбай Смайлұлы және Ноғайбаев Сәбит Орынбасарұлына табысталды. Тұрғылықты халқымыздың 14 азаматы Облыс әкімінің Алғыс хатын иеленді.

«Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытуда қосқан үлесі үшін» конкурсы номинацияларына сәйкес Қызылорда облысы бойынша ұсынылған үміткерлер:«Үздік кәсіпорын/мекеме» номинациясы бойынша – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (Сұлтангереева Ақтолқын); «Болашақты жасаушы, жастық» номинациясы бойынша – «Студент жастар одағы» Қоғамдық бірлестігі (Базартай Жандос);Қазақстандағы азаматтық қоғам дамуының өзекті мәселелерін ақпараттандырудағы үздік БАҚ – «Ақмешіт ақшамы» республикалық тәуелсіз қоғамдық-саяси газеті (Биқожа Сәрсенкүл);Мойындау (мемлекеттік орган) – Қармақшы ауданы әкімдігі (Айдаров Серік);Қазақстан азаматтық қоғамының ардагері – «Облыстық мүгедектер орталығы» қоғамдық бірлестігі (Қырымов Досхан). Іс-шара облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен болып өтті.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

Қызылорда облыстық комитетінің баспасөз хатшысы

Жүнісова М.

Яндекс.Метрика