Home » Жамбылский обком, Партийная жизнь » Мажарстандағы бауырларымыз Меркіде

Мажарстандағы бауырларымыз Меркіде

Осыдан 100-120 жыл бұрын алғашқы Еуропалықтар ретінде орталық Азияға саяхат жасап, Тибетке дейін жеткен венгрлік ғалымдардың ізімен, Орталық Азияға экспедиция жасап жүрген саяхатшылар Меркіге келді. Оларды қазақтың қонақжайлылығын танытып, Меркі ауданының әкімшілігі қарсы алды.

 

22 тамызда Қазақстанға кірген экспедиторлар «қазақ жерінде өздерін еркін сезінетіндіктерімен» бөлісті.

 

Тамырларын Азиядан іздейтін және өз тектерін қыпшақтан алатын венгрлердің басшысы Қазақстанға іс сапармен келгеннен соң еліне барып, бұрынғы ғалымдарының ізімен саяхатты қайта жандандыруды ұсынған екен. Содан велосипедист Пал Хидвейги-Уштон мен Еуропа-Азия бірлестігінің басшысы біріге отырып, 18-20 мың км шақырымды қамтитын саяхатты велосипедпен аралауды жөн көріп, бұл мақсаттарын парламентке ұсынған екен. Нәтижесінде, үкіметтерінен қолдау тапқаннан жобаның аясында 11 мамырда саяхат басталған. Әлемді велосипедпен шарлауды жоспарлаған экспедицияның басшысы венгрлік Пал Хидвейги-Уштон, үйіне жету үшін әлі 8 мың килолометр бар дейді. Және қазақтың дәстүрімен қолына ұсынылған қымызды тамсана ішкен саяхатшылар өз ұлттары мен қазақтың арасында ұқсастықтардың көп екендігін байқағайтындығын айтты.

 

Пал Хидвейги-Уштон – Орталық Азияға саяхат экспедициясының басшысы:

 

(аударма) Біздің экспедициямыздың мақсаты алдымызда, осыдан 120 жыл бұрын  Орталық Азияны зерттеп, венгрияның ғылымының дамуына ерекше үлес қосып кеткен ғалымдарымызға назар аударту. Бүкіл әлемге салауатты өмір салтын насихаттау. Қазақтар мен Венгрлердің арасында ұқсастықтар өте көп. Менде бір мынандай сезім болып тұр. Маған және менің жаныма, мына жерге келді дегеннен көрі, жеріне оралды деген жақынырақ секілді. Біз өзімізді Үлкен Қазақстаннан шыққан адамдармыз деп санаймыз. Мен тауды жақсы көремін, маған жайлау ұнайды, атқа мінуді де ұнатамын.

 

Венгриялық саяхатшыларды Меркі өңірінің тарихымен таныстыру мақсатында, аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов аудандық мұражайға алып барды. Мұражайдың ішіндегі құнды дүниелерді көрген венгрліктер, өздеріне ерекше ұнаған және зерттеулерін толықтыра алатын дүниелерді суретке түсіріп алды. Меркі ауданындағы ҚКХП-ның аудандық комитетінің хатшысы Қыстақ Дәулетов те бұл торқалы шарадан қалыс қалған жоқ. Шетелден келген, тамырлары қазақ жеріне бойлаған қонақтармен кездесіп, партияның қоғамдағы ролі мен мақсат-міндеттері жайында ой бөлісті. Венгрияда  Венгр социалистік жұмысшы партиясы Коммунистік партиясының орнына 1956 жылы құрылған екен.  1918 жылы құрылған Венгр Коммунистік партиясы Magyar Kommunista Párt немесе Kommunisták Magyarországi Pártja қазіргі кезде марксистік идеяларды замауи мемлекеттік қоғамдастығына сәйкес қайта құрылып жұмысшылардың мүдделерін көксейтін партия болып қалыптасқанын білген Қыстақ Дәулетов қазақтың нағыз қонақжай халық екендігін шетелдік саяхатшыларға тағы да дәледей түсті. Венгрияның Алматыдағы бас консулының тікелей басшылығымен жүріп жатқан экспедицияның құрамында Азияның өсімдіктер әлемін зерттейтін биолог ғалым да бар екен.

 

Абель-Молнар Орталық Азияға саяхат экспедициясының биолог ғалымы

 

– /аударма/ Мен аймақтағы өсімідіктер мен онда тіршілік ететін жәндіктерді, соның ішінде шегірткелер мен саранчаларды зерттеп жүрмін және бізде тіршілік ететін жәндіктер мен Орталық Азияда тіршілік ететін жәндіктердің айырмашылқтарын қарастырып жүрмін. Ең үлкен айырмашылық, мұнда жәндіктердің де, өсімдіктердің де түрлері өте көп. Қазақ еліндегі табиғаты әсем әрі флорасы мен фаунасы көп жерлер өте мол екен.

Жалпы, Венгрияда бұл саяхатқа ерекше көңіл бөлініп, экспедиторлардың әрбір қадамдары Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отыр. Сондықтан, саяхатшылардың Меркі жерінен өтетіндігін естіген Капчак қаласының мэрі, Меркі ауданы әкіміне Қапчак қаласы  туралы 1746 және 1839 жыл аралығында жазылған хаттар мен  сөздер жинақталған кітапты тарту етіп жіберсе, парламент мүшелері, Меркі ауданы әкіміне арнайы хат жолдапты.

 

Азияның табиғатын, мәдениетін зерттеу үшін саяхат жасаған Венгрлік ғалымдардың ізімен жүрген және ғылым мен спорт саласын қатар алуды мақсат еткен саяхатшыларға Меркі ауданы әкімдігі де өз тараптарынан сый-құрмет көрсетті.

 

К. Жасқазақова

ҚКХП Жамбыл ОК баспасөз қызметі

05.09.2013г.

Яндекс.Метрика