Home » "Коммунист Казахстана" » МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ САНЫ АРТЫП ОТЫР

МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ САНЫ АРТЫП ОТЫР

18 қазан 2010 жылы
kn

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Сағынбек Тұрсынов осылай мәлім етті.

«Ата заңымыз бойынша азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік берілген. Яғни, кез келген жас бала орта білім алуға міндетті.

Алайда осы міндеттен жалтарып, айлап мектеп табалдырығын аттамайтын балалардың саны артып бара жатқандығы туралы ақпарат құралдарынан, келіп түскен хаттардан біліп жатырмыз. Кейбір ресми деректерге құлақ түрсек, Алматы қаласында – 1 мың 100, Шығыс Қазақстан облысында – 64, Ақмола облысында – 50, Тараз қалысының өзінде ғана 23 бала әлі күнге мектеп партасына отырмаған. Бұл ресми дерек, бейресми мәліметте оның көрсеткіші әлдеқайда жоғары», – деді депутат.

Оның айтуынша, 1998 жылдары осы тақылеттес мәселелер көтеріліп, арнайы зерттеулер жүргізілген. Осыған орай, С. Тұрсынов жалпы елімізде мектепке бармай отырған балалардың санын білу қажеттігін айтып, ондай жағдайдағы алдын алу шараларына назар аудару тиістігін алға тартты.

Яндекс.Метрика