Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » «Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол» акциясы

2013 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жыл сайынғы 6-шы жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы өтілуде.

Дәстүр бойынша акция барысында мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе, күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды өткізу жоспарлануда. Биылғы оқу жылында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты: Өмірдің қиын жағдайында қалған балалардың тағдырына бейжай қарамай  нақты көмекті қажет ететін балаға, аз қамтылған отбасына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мекемесіндегі балалардың мектепке дайындалуына көмек көрсету.

Жылдағы дәстүр бойынша биыл да «Мектепке жол» акциясы тамыздың басынан басталды. Себебі белгілі, көп балалы, аз қамтылған және жетім балалардың қатарынан қалмай, мектепке киімі бүтін, толық оқу құралдарымен көңілді қадам басуына жағдай жасау.

Акция барысында мектеп оқушысы, жастайынан ата-анасынан жетім қалған, әжесінің тәрбиесінде өсіп келе жатырған Жанболат Сақтағановқа арнайы оқу құралдарын мерекеге дайындалған сый-сыйапаттарын ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев және Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәукен Көшенов табыс етті. Жанболат Сақтағанов бала көңілімен қуанып көзіне жас алды.  Халық арасында кеңінен айтылып жүрген асыл сөздердің бірі «жетімді қуантсаң жерде жетпіс, көкте жетпіс періште қуанады» деген. Қазақ ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңірген өскен халық ғой. Болашақ осы жастарымыздың қолында. Балаларымыз жыламасын дейміз. Әрбір баланың білім алуға жағдайы жасалып, болашақта білім алудан тыс қалмасын деді – Е.Дәулетқазиев.  Акциямыздың барасында ҚКХП Атырау облыстық комитеті мен бірге облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Манап Абдрахимов мүмкіндігі шектеулі жан Ислам Муртазаевты келе жатырған білім күнімен арнайы құттықтап барды. Ислам Мұртазаевтың тұрмыс-тіршіліктерімен, қарым-қабілеттерімен танысып қайтты. Алдымыздан анасы шығып, құшақ жая қарсалды. Ұжымымызға дән ризашылығын білдірді. Қыркүйек айына дейін облыс бойынша 20-ға жуық жетім, мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасыға аудан хатшыларымыз қаржылай көмек көрсетті.

 

ҚКХП Атырау облыстық комитеті

баспасөз хатшысы

Гүлжан Инжелова

27.08.2013ж.

Яндекс.Метрика