Home » № 28//30.08.2013 » Мектепке жол – өмірге жол!

Мектепке жол – өмірге жол!

Қызылорда

Еліміздің бүкіл аумағында «Мектепке жол» атты Республикалық қайырылымдық шарасы өткізіліп жүргеніне бірнеше жыл болды.  Жылда аталып өтетін шараның мақсаты барша балаларды орта  біліммен қамту, олардың ешқайсысының білім алудан тыс қалып қоймауына атсалысу. Әсіресе, бұл қайырымды іс-шара тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балалар үшін маңызды. Өздерін ешкімнен кем сезінбей толыққанды сапалы білім алуға әр бір бала құқылы. Қуантарлық жағдай, елімізде қайырылымдық көрсетуші аға-апаларымыздың аз болмауы. Балалардың барлығы бақытты балалық шақ кешуіне қол ұшын беріп жүрген азаматтарымызға алланың нұры жаусын!

ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті де өз ретінде аталған «Мектепке жол» шарасы аясында қайырымдылық жасаудан құр қалмауды ұйғарды. Үстіміздегі жылдың 20-шы тамызы күні қаламыздың КБИ ауданында орналасқан №197 орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына ішіне керекті оқу құралдары салынған арнайы мектеп портфельдері табысталды.

Сонымен қатар айта кететін жай, обком мүшелері «Мектепке жол» акциясы аясында бизнес өкілдері арасынан серіктестер іздестіріп, «Орда IT-сервис» атты ЖШС мен келісімге келген. Соның нәтижесінде тағы да бірнеше балаға оқу-құрал алу мақсатында ақша бөлінді. Сол себепті, ҚКХП Қызылорда обкомының мүшелері 2013 жылдың 27-ші тамызы күні қаламыздың орталығында орналасқан №4 С. Сейфуллин атындағы қазақ орта мектебінде болды. Осы күні аталған мектеп қабырғасында «Мектепке жол» қайырылымдық іс-шарасын ұйымдастырған болатын. Сол шараның құрметті қонақтарының бірі болып ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің І-ші хатшысы Телеубаев Талғат Рахымұлы болды. Оның себебі тек қана балаларға қол ұшын беру емес, сонымен қатар Телеубаев жолдас осы мектептің түлегі болғандығы. І-ші хатшы өз қолымен балаларға сый-сыйяпат табыстап, сөз сөйледі. «Еліміздің болашағы балалар және олардың жарқын өмір сүруі үшін біз өз үлесімізді қосатын боламыз» деді сөз соңында Телеубаев жолдас. Ал, балалардың сыйды қабылдағандағы қуанышты жүздерін көргенімізде біз де бір марқайып қалдық.

Атырау

Дәстүр бойынша акция барысында мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе, күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды өткізу жоспарлануда. Биылғы оқу жылында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты: Өмірдің қиын жағдайында қалған балалардың тағдырына бейжай қарамай  нақты көмекті қажет ететін балаға, аз қамтылған отбасына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мекемесіндегі балалардың мектепке дайындалуына көмек көрсету.

Жылдағы дәстүр бойынша биыл да «Мектепке жол» акциясы тамыздың басынан басталды. Себебі белгілі, көп балалы, аз қамтылған және жетім балалардың қатарынан қалмай, мектепке киімі бүтін, толық оқу құралдарымен көңілді қадам басуына жағдай жасау.

Акция барысында мектеп оқушысы, жастайынан ата-анасынан жетім қалған, әжесінің тәрбиесінде өсіп келе жатырған Жанболат Сақтағановқа арнайы оқу құралдарын мерекеге дайындалған сый-сыйапаттарын ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев және Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәукен Көшенов табыс етті. Жанболат Сақтағанов бала көңілімен қуанып көзіне жас алды.  Халық арасында кеңінен айтылып жүрген асыл сөздердің бірі «жетімді қуантсаң жерде жетпіс, көкте жетпіс періште қуанады» деген. Қазақ ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңірген өскен халық ғой. Болашақ осы жастарымыздың қолында. Балаларымыз жыламасын дейміз. Әрбір баланың білім алуға жағдайы жасалып, болашақта білім алудан тыс қалмасын деді – Е.Дәулетқазиев.  Акциямыздың барасында ҚКХП Атырау облыстық комитеті мен бірге облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Манап Абдрахимов мүмкіндігі шектеулі жан Ислам Муртазаевты келе жатырған білім күнімен арнайы құттықтап барды. Ислам Мұртазаевтың тұрмыс-тіршіліктерімен, қарым-қабілеттерімен танысып қайтты. Алдымыздан анасы шығып, құшақ жая қарсалды. Ұжымымызға дән ризашылығын білдірді. Қыркүйек айына дейін облыс бойынша 20-ға жуық жетім, мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасыға аудан хатшыларымыз қаржылай көмек көрсетті.

 

 

Баспасөз хатшысы Майра Жүнісова,

Гүлжан Инжелова

 

 

Яндекс.Метрика