Home » "Коммунист Казахстана" » Менің тілім, тілдерің падишасы

Менің тілім, тілдерің падишасы

«Қазақтың басқа жұрттан сөзі ұзын» деген Абай бабамыздың айтары дәл біздің ана тіліміз қақында жазылып әрі айтылып келе жатқан ұзынсонар шығын сөзге арналса керек. Сөз бар, ісіміз шала. Елең құлақ қазақ бүгінде керең құлақ, самарқау, енжар болғаны қашан. Елбасы: «мемлекеттің болашағы – қазақ тілінде», «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін» деді. Бірақ ол сөздер көбінің құлағының астынан өтіп кетіп жатыр.

Қазақы болмыс

Өткен мен бүгінгі тірліктің өлшемі уақыт пен кеңістік қана ма? Рух пен санадағы өзгеріс, болмысты қабылдау қабілет-қарымымыз қай деңгейде? Жаһандану көшіне ілескен қазақ ұлтының алдағы ұлттық бейнесі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы қалай басату алмақ? Өз ортаң өгейлік танытып жатса, оған қарсы тұрарлықтай рухани өрісіміз қандай? Ақыл адасып, алда-жалда өтірік алға озса не істемек керек? Күніне сан мыңдаған ұрыс-керіс, қырғындар ше? Шетелге кеткен бала тағдыры мен, баласынан айрылған ана көзжасына кім жауапты? Сансыраған сан сұрақтың бір жауабы: ұлтыңды ұлықта, рухтан, санадағы дерттен арыл, өзіңді сыйла, ана тіліңді құрметте дегенге саяды. Асылы, рухың биікке көтерілсе ғана көкжиегіңді танисың, өзіңді танисың, өзгеге де қадірің артпақ. Тек осылайша ой терсең, ұлт мүддесін асқақтата аласың. Өмірден санақ емес, сабақ терген ұтады. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата-бабалардың орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы, оның туын жықпай ұстап тұру өскелең ұрпақтың ұлттық рух-қуатына сын. Ақиқатқа жүгінген жөн. Бір кездері басқаға еліктеген қазақ бүгінгі күні өркениетті, өнегелі, ғылым-білімі дамыған, ғарышты бағындырған өрісті ел. Халықаралық деңгейде салмағы, үні бар, басқаға сөзі де, ісі де өтімді мемлекет құраушы ұлтқа айналдық. Жақсы сөз – жарым ырыс. Ұлт тағдырына қатысты кейбір ой-түйін көкірегі ояу жан үшін сенім кепілі десек, көкірегі көрсоқыр пенделер үшін аттандаған айқай-шу болуы да мүмкін.

Сүйемін туған тілді анам тілін…

Ежелден, атам заманнан тіл – елдің мәдениеті, әдебиеті өсіп-өніп, от басындағы үй тіршілігінен бастап, қоғам, халық, ел-жұрттың, жалпы мәдениетінің арнаулы құралы – ғылымның атаулы санасы болды емес пе?!

Тәуелсіз елдің ұрпағы, қазақтың ұлан байтақ даласында айбынын асқақтатып, ұлт мерейін үстем етсін деген дана қазақтың ұрпағы бүгінде тілінен бүлініп, болмысынан сүрініп жүр. Кезінде Сұлтанмахмұт Торайғыров кеңестің кендір арқанынынң құрсауында жатқан қазақты оятпаққа айтқан мына өлең жолдары тәуелсіз қазақ жастарын әліге ұйқысынан оята алмай келеді…
«Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутімнен,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, құлыным, жаным деген…

Ал даңқты батырымыз «Өз ұлтын құрметтеп, мақтан тұтпайтын адам – сөзсіз сатқын және қаңғыбас» деп қатаң баға бергені белгілі. Ұрпақ болашағына, ұлт тағдырына немқұрайды қарай алмайтын Баукең атамыз: – Оттан да, оқтан да қорықпаған Бауыржан едім. Кейінгі кезде қорқынышым көбейіп барады. Балаларға бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқам, екінші, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқам. Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген ұрпақтың көкірегі көрсоқыр бола ма деп қорқам. Ал көрдің қолына балта берсең, ойланбай шаба салады, бақыр берсең ала салады, найза берсең, намыстанбай сұға салады. Мен табиғатынан, тағдырынан болған соқырлықты айтып отырғам жоқ, тауып алған соқырлықты айтам. Егер ондай соқырлықтан жазылмасақ, халық болудан қаламыз ба деп қорқам, – деген екен. Иа рас, сол қорқыныш бүгінгі таңның шынайы көрінісі. Тілін менсінбейті жастар мен алдыңғы толқын даналар саны қаптаған қара қытайдан да көбейді. Ұлтының қамын жейтін ұландардың үні жар астынан қарлығып әзер жетуде. Тау көкерген толағайларымыз да, мәдениеттің мәйегін жалап жүрген қырандарымызда, ұлттың ұлттығын ұлықайтын кемеңгерлеріміз де тілге келгенде кібіртіктеп, дәстүрге келгенде дәлдіріп, қойшы әйтеуір ұлттық болмысқа елгенде ұрыдай ұяла қалатыны бар. Осы мақала барысында қолымды көкке сермемей қарапайым тұрғындардың пікірін білмекке бкініп едім. Онда да көңіл пәс. Сонымен нәтижеге зер салыныз:

Қазақ тілін жақсы білесіз ба?

1) Құдайға шүкір өз ана тілім, еркін білем (12 дауыс [42.86%])

2) Орыс тілімен араластырып сқйлеймін (7 дауыс [25.00%])

3) қазақша түсінем, бірақ сөйлей алмаймын (4 дауыс [14.29%])

4) қазақшам әлсіз (4 дауыс [14.29%])

5) я не понял о чем речь? (1 дауыс [3.57%])

Міне, қортынды осылай. Бұған қуанасыз ба, өкінесіз бе? Әрине әркімнің санасына. Бәлкім енді бір жиырма жылда бұл көрсеткіш толығымен өзгерер. Оған дейін үлкен тағатпен күту ғана керек.

Қарлығаш Хашымқызы

Астана

 

Яндекс.Метрика