Home » "Коммунист Казахстана" » МЕРЕКЕЛЕРДІҢ ПАДИШАСЫ – ҚҰРБАН АЙТ

МЕРЕКЕЛЕРДІҢ ПАДИШАСЫ – ҚҰРБАН АЙТ

Біздің қазақтың кең даласын той думанға бөлеп, оты күн ойын, қырық күн тойын

қылатын мерекелер қаншама.Саны бар сапасы жоқ мерекелерде жоқ емес біздің

елде. Десе де, əр нəрсенің өз орны мен қоғамда алатын орны болады. Міне сондай

қоғамда алар орны ерекше мерекелердің көшін бастайтын ол Құрбан айт мерекесі.

Құрбан айт – қазақтың қанынасіңіп, сүтімен бала бойына дарып келе жатқан негізгі алтын

қазынаның бірі, əрі бірегейі. Тəуелсіздік алған жиырма бір жыл аралығында еліміздің

əлеуметтік-экономикалық жағынан жаңғыруымен бірге, рухани жəне мəдени өреміз кеңіп, халық көзі мен көкірегіде ашылды. Құдайға шүкір, халықтың талаптілегі, Елбасының ұлттық мерекелердің мəртебесін көтеру бастамасының арқасында Құрбан айт мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін болды 2005 жылдың 28 желтоқсандағы заңдағы өзгерістен бастап. Бұған дейінгі тарихи құжаттарда белгілі деректерге жүгінсек, 1926 жылға дейін Ораза айт 3 күн, Құрбан айт 3 күн, Наурыз 1 күн ресми мереке ретінде тойланып келген. Оған негіз 1921 жылғы 5 наурызда Орынбор қаласында өткен Қазақстан Автономиялы Республикасы Орталық атқару комитеті Төралқасының «Мұсылмандар мерекесі» туралы қабылдаған шешімі болатын. Сол үшін біз мың мəрте Аллаһ Тағалаға шүкіршілік айтуымыз керек. Құрбан – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік

мағынасы – «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал «ұдһия» деп аталады. Құрбандық шалудың мəнісінің кеңдігін ұғыну үшін діннің не екенін, құлшылықтың не үшін жасалатынын жақсы білген жөн. Мына кең байтақ ғаламды жаратқан құдіретті Аллаһ жер бетіндегі саналы пенделерін бекерге жаратпаған. Олардың қоғам құрып,

дұрыс өмір сүруі үшін тура жол көрсетіп дін жіберген. Қасиетті кітабы Құранда

«Мен жындар мен адамдарды (Мені танып), маған ғана құлшылық жасасын деп жараттым» (Зариат сүресі, 56-аят) деп білдірген. Демек, құлшылық жасаудың түп мəні

– Жасаған Иенің жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау. Құрбандық

шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің

пендешілігі мен мəрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Күллі мұсылман жұртшылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, қиналғандарға

көмектесуге, жағдайы нашарларға қарасуға, өзара мейірімді болуға шақырады .

Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекесі. Ол күні Аллаһ разылығы үшін мал

шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күн. Қажылық өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып, Арафатта жалбарынып, дұға оқиды. Дүйім мұсылман баласы пайғамбарлардың ісін

қайта жаңғыртып, Аллаһ жолында құрбандық шалу арқылы бір-бірін дінге беріктік

танытуға шақырады.

Ендеше шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!__

Яндекс.Метрика