Home » Атырауский обком » Қоғамдық рухани мәдениет және БАҚ

Қоғамдық рухани мәдениет және БАҚ

23-маусым күні Байланыс ақпарат қызметкерлер күніне арналған Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің конференция залында «Қоғамдық рухани мәдениет және БАҚ» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылып, университет ректоры, профессор Бейбіт Мамыраев Баймағанбетұлы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерімен кездесу бағдарламасын өткізді.

Бұл шараға облыстың ардагер журналистері Республикалық «Алтын Орда», «Айқын», «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда», «Туран» облыстық  «Атырау», «Ақ Жайық», Аймақтық «Сахара» газеттерінің ұжымдары, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің ұжымы және Республикалық «Хабар», «Қазақстан», облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарналары облыстық радионың меншікті тілшілері  қатысты. Мерекеге арнайы дайындалған шараның алғашқы кезеңін құттықтау сөзімен университет ректоры, профессор Бейбіт Мамыраев Баймағанбетұлы ашты. «Құрметті қонақтар, ардагер журналистер кәсіби мерекенің иелері барлық тілшілерді  келе жатырған «Байланыс ақпарат қызметкерлер күнімен» төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерімен кездескенде мақалаға айналған «Журналистер санаға хат, халыққа жады болсын» деген қанатты сөзі бар. Осы сөздің өзі қаламгерлерге берілген ұлағаты мол нақыл болып табылады. Президент үнемі бұқаралық ақпарат құралдарын жоғары бағалап, оны мемлекет тарапынан қадағалап, қолдап келеді»,-деп  өз тілегін білдірді.

Осы үдерістің Атырау облысында да кең қанат жайғандығы байқалады. Ендігі сөз кезегін облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Балмағамбетов Исатай Құндызбайұлы жалғастырды. Облыстық «Атырау» газетінде көбі осы университет түлектері жас журналистері қызмет істейді. «Біз әрдайым тығыз байланыста жұмыс жасап келеміз. «Атырау» газетінің ұжымы университет өмірінде болып жатқан жаңалықтарды әрдайым жариялап отырады. Университеттің жаңа басшысына алғысымызды білдіреміз арнайы мереке қарсаңында республикадағы, облыстағы журналистердің басын қосып кездесу өткізіп отырғанына алғыс айтамын».

Университет ректорының кеңесшісі, ардагер-журналист Табылдиев Хисмет Бозанұлы университет журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерін мереке қарсаңында кездесуге шақыру жылма-жыл дәстүрге айналып келеді. «Бұл жылыда ерекше көңіл-күймен жаңа басшымыз сіздерді құрметпен шақырып отырғанына қуанып отырмын. Кәсіби мерекелеріңізбен шын көңіліммен құттықтаймын!  Сергек ой, қарымды қаламдарыңызды ескек етіп, акпарат айдынында аман-есен жүзе берініздер!»,-деген тілегін білдірді.

Қазіргі таңда университет Журналист мамандарын бірнеше жылдан бері даярлап келеді. Университеттің журналист түлектері сан алуан түрлі БАҚ-да қызмет атқаруда. «Тарих, филология» факультетінің журналистика мамандығының құрметті ұстазы, ардагер-журналист Жауыров Теңдік Жауырұлы төл мерекемен әріптес журналистерді жылы лебізін білдіріп, құттықтады. Осы кездесуде арнайы Теңдік Жауырұлының құрметіне дайындаған университеттік оқу телерадио орталығы дайындаған ардагер-журналистің өмірімен шығармашылығы ұстаздық жолы, журналистика қызметтіндегі атқарған еңбегі туралы бейнетаспа шығарылып, университет ректоры Бейбіт Баймағанбетұлы Теңдік Жауырұлын құттықтап, бейнетаспаны арнайы сый –сыйапатымен ұсынды. Кездесу барысы ашық-пікір алмасумен жалғасын тапты.

Адам баласына ауа қандай керек болса, баспасөз де сондай қажет. Әрбір сауатты адам күнделікті ақпарат айдынындағы  жаңалықтарды білуге, көруге, оқуға құштар. Өйткені, ол өмірде болып жатқан жайды білігісі келеді. Сол арқылы қоғамдағы өз орнын түсінеді.

БАҚ ол күн сайын көптеген адамдармен пікір алысады, азды-көпті мағлұмат алады, кеңеседі, өзін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап табады, ішкі-сыртқы саясатқа байланысты азды-көпті мағлұмат алады, әр нәрседен хабардар болады, өзінің ой-өрісін кеңейтеді.

Ахмет Байтұрсынов «Газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, газета сондай керек. Газетасы жоқ жұрт, басқа жұрттың қасында, көзі жоқ соқыр, құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау секілді. Дүниеде не болып жатқанын көру, есту жоқ, өз пікірін айту жоқ»-деп ашып айтты.

Журналистика ғылымын зерттеуші ғалым, профессор Тауман Амандосовтың «Қазақ совет баспасөзінің жанрлары» атты кітабында жазғандай «Журналист еңбегі оңай еңбек емес. Ол – аса бір құрметті еңбек. Бұл еңбекті көпшілік сынайды, сыйлайды. Журналист еңбегі – үнемі ізденіп, өмір өзгерістерін жай ғана қызықтыра көркем суреттеуші емес, ол сол өмірдің нағыз белсенді күрескері» деген. Бұл шараның соңы университеттің «Жайық» мәдени-спорт кешеніндегі журналистер спартакиакадасымен жалғасты.

Гүлжан Инжелова

Атырау қаласы

Яндекс.Метрика