Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Қойылған мақсаттарға жету жолдары

Қойылған мақсаттарға жету жолдары

13-қазан күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің ІІ-ші пленумы өтті.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының VIII-есеп беру баяндамасында осы партиямыздың Орталық Комитетінің хатшысы Владислав Борисович Косарев өз сөзінде Коммунистік партияның құрылуы мен оның атқарып жатқан ісінің дұрыс екенін уақыт өзі анықтап бергенін айтқан болатын. Бұл, әрине, өте батыл да тәуекелге бел байлаған қадам болғаны сөзсіз. Алға қойған мақсат – Советтер Одағының Коммунистік партиясының қалдықтарынан саяси ұйым құру қажеттігі туындады. Адам және мемлекет өмірінде, еңбек адамы мен бизнесте социализмнің басты принциптерін сақтау қажет болды. Партияның басты мақсаты анықталып, ол туралы мәлімдеме қабылданды. Осы өткен жылдар ішінде бастауыш партия ұйымдары құрылуынан бастап, осы істі Орталық Комитетке дейін жеткізуге қол жетті. Партия барлық күшін еңбекші адамның әлеуметтік құқығын, оның бұқарамен байланысы нығайды. Өздеріңізге белгілі мамыр айында өткен есепті сайлау VII конференциясы алдағы жылдарға бағытталған жоспарларды талқылап бекіткен болатын.

Пленумге облыстық партия комитетінің 11 мүшесі қатысып отырды. Партия жарғысы бойынша пленумды ашуға толық мүмкіндік алды.

ҚКХП – ның Атырау облыстық комитетінің пленум жұмысын бастауға деген ұсыныстар түсіп жатты. Пленум жұмысын бастауды қолдайтын пленум мүшелері қолдарың көтерді. ҚКХП – ның Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Ғұсманұлы Дәулетқазиев пленум жұмысын ашық деп жариялады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев Ғұсманұлы 4-5 ай ішінде жүргізілген жұмыстарға тоқталып, ІІІ – квартал ішіндегі атқарылған қызметтер туралы баяндама жасады. Соның ішінде қазан айында облыс әкімінің арнайы шақыртуымен кездескен сәт турасында және халыққа қол ұшын беріп, көмектесу мәселесі туралы қозғады. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Салахатдинұлы біздің атқарып жатырған барлық жұмыстарымызды құптап, біздің бағдарламамызды қолдайтынын айтып, бізге үлкен үміт артатынын жеткізді. Біз бәріміз алдымызға қойған міндеттерді орындауға Қазақстан халқының мүддесі үшін күресте бірігіп, белгілі табыстарға жететінімізге сенім білдіргім келеді, – деді.

Пленум барысында Жылыой аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Әсем Тәукенованың есептік баяндамасы тыңдалды.

2012 жылғы мамыр айында Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы аудандық ұйымының жетінші конференциясында 8 жылда атқарған жұмыстары жөнінде атап өтілген болатын. 2004 жылы партия ұйымында 152 мүше болса, қазіргі уақытта 230 адамға жетті. Партия мүшелігіне әр қайсысы өз жүрек қалауымен өтті. Парламент Мәжілісі мен Маслихаттарға Халық қалаулылармен таңдаған 2012 жылғы 15 қаңтардағы өткізілген сайлау өз деңгейінде өтті. Әрине, халық арасында коммунистерде аз жұмыс атқарған

жоқ. Мәжіліске өтетіндей сенімге ие болғандығымыз дәл соның айғағы. Болашақта партия ұйымының жұмысын жандандыру, партиялык бағдарламалық мақсаттарына жету жолында аткарушы билік органдарының барлық денгейіне тиісті әсер етіп отыруды қызметінің басты салаларға айналдыруы қажет екендігі айтылып, қабылданып жатқан заңдардың халықтың пайдасына шешілуі бағытында, яғни саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында нақты жұмыстар жасау қажет.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы өмірге келген сегіз жылдың ішінде партия ұйымы халыққа танылды. Әділдік үшін күресу, пайда күнемдік идеологиясына қарсы тұру сезім – әрбір партия мүшесін «Халық коммунистері» – Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы қатарына әкелді. Біз әлеуметтік тұрғыдан қорғалмағандардың, жұмыссыздардың, зейнеткерлердің және мүгедектердің құқығын қорғаушы халықтық партиямыз – деді, есеп беру баяндамасында Әсем Тәукенова.

Қызылқоға аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Мысырғали Берденовтың баяндамасы ұсынылды. Бүгінгі өтіп отырған Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті пленумында қазіргі партияның алдына қойылып отырған өзекті мәселелердің бірі қаралып отыр. Қызылқоға аудандық партия комитеті де облыстық партия комитетінің басшылығымен ел өміріндегі саяси жұмыстарға белсене араласып, халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу, елімізде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер, алдағы тұрған міндеттерді халық арасында кеңінен насихаттауда бірқатар жұмыстарды жүргізіп келеді. Ең басты мақсат біздің партияның алға қойған ұстанымы – халықтың еңбек ету құқығын қорғау, әрқашанда халық билігімен санасу, жұмыстың қай саласында да әділдік болуына қол жеткізу екендігін айту болып табылады. Осы талаптарымыз орындалып, еліміздің экономикасы мен мәдениеті дамыған әділетті, әлеуметті мемлекет болатындығын халық арасында кеңінен түсіндіріп, жұртшылықтың көкірегін оятып, ел ішіндегі сан – салалы жұмыстарға араластыра алсақ біздің алға қойған мақсаттарымыздың орындалғаны деп білеміз.

Күні бүгінге аудандық комитет коммунистер қатарын жаңа адамдармен толықтыру, оның ішінде партия қатарына жас, белсенді жастарды тарту бағытында көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. Ауданда тұратын өте әлсіз қамтамасыз етілген жанұяларға әртүлі жағдайларына байланысты демеушілік көмек көрсету жұмыстарына тікелей араласып отырамыз. Енді осы пленумда айтатын басты мәселе – жергілікті жерлерде партия басшыларының отыратын орын мәселесін шешу деп айтқым келеді. Қайда барсаңызда «Нұр Отан » ХДП, «Ақжол» партиясының отыратын орындары бар. Ал бізде жоқ. Ол жаңа партия мүшелерін қабылдауда болсын, халықпен кездесіп, талап – тілектерін тыңдап, олармен жан-жақты араласып отыру бағытындағы жұмыстар жүргізуге үлкен әсер етіп, кедергі келтіруде. Бүгінгі пленумда осы жағдайды партиямыздың басшы органдары алдына мәселе етіп қоюды сұраймын. Егер жергілікті жерден отыратын орын беру мәселесін

шешіп алсақ, ішкі күнделікті жүргізетін жұмыстарымыздың сапасының артуына және халық алдындағы партия беделінің өсе түсуіне елеулі әсер ететіндігіне ешқандай күмәнім жоқ, – деді сөз соңында Мысырғали Берденов.

Ауданнан келген хатшылардың баяндамасы тыңдалған соң, ҚКХП-ның Орталық комитетінің мүшесі Атырау облыстық бақылау комиссиясының төрағасы Жәукен Қайырлыұлы Көшеновқа сөз кезегі берілді.

Әрі қарай партияның мүшесі Исатай аудандық Маслихатының депутаты сөз алып, Сақтапберген Ихсанов Нарын орта мектебіне осы жылы қыруар қаражат бөлінгендігі және күрделі жөндеуден өткендігі туралы айтып өтті.

ҚКХП Атырау облыстық комитетінің екінші хатшысы Үмбетжанов Жұмажан Серікбайұлы. «Қаладағы қоғамдық көлікте жүруді тегін ету керек»

Деген ұсыныспен келісесіз бе? деген ҮНДЕУ тастады.

Егер қаладағы қоғамдық көліктерде зейнеткерлерді тегін тасымалдауға қол жеткізсек, бұл Атырау зейнеткерлері үшін үлкен көмек болар еді. Негізгі, бұл бастаманың пайдасы өте көп. Егер зейнеткерлерді қоғамдық көлікте тегін тасымалдауға қол жеткізе алсақ, Атырау қаласының бас ауруына айналған көлік тығыны мәселесін де шешкен болар едік. Қалалықтардың көбісі жеке көліктерінен түсіп, қоғамдық көлікке мінуге тырысар еді. Яғни көшедегі көлік қозғалысы азайып, экологиялық жағдайдың жақсаруына да мүмкіндік туар еді. Шынын айтсақ, Атырау қаласындағы қоғамдық көліктегі жол жүру бағасы бүгінгі күні зейнеткердің қалтасына айтарлықтай салмақ түсіреді. Егер қоғамдық көлікте зейнеткерлердің тегін жүруін қамтамасыз ете алсақ, олардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына да жағдай жасар едік. Тіпті бүгінгі күні ақша үшін жолаушыларға таласып , бір-бірімен жарысып, жол-көлік оқиғасына себепші болып жүрген қоғамдық көліктерді де тәртіпке түсіруге бұл бастаманың көмегі тиер еді. Қоғамдық көлікті жүргізушілері айлығына ғана жұмыс істеп, тәртіппен, мәдениетпен жолаушыларға қызмет көрсетер еді. Біз халықтың мәдениетін көтеріп, халыққа дамыған елдердегідей жағдай жасау үшін осындай бастамаларды қолдауымыз керек.

Шыны керек, осындай бастамалар болмаса, қазір қоғамдық көліктегі жағдай бетімен кетті. Жүргізушілер аялдамада біршама уақыт тұрып жолаушы жинайды. Кондукторлар жолаушылармен қалай болса солай сөйлеседі. Жолаушыға таласып, жарысады. Мұның бәрі – ақша үшін болып жатқан тәртіпсіздіктер. Ал жолаушыларды тегін тасымалдауға қол жеткізсек, мұның бәрі реттелер еді. Сондықтан Біз, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті бұл бастаманы қолдаймыз.

Комсомол жастар қанатының мүшесі Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжінің Құқықтану мамандығының 2-курс студенті Жаңылсын Мағзом Діни экстремизмнің алдына алу өмір талабы деген тақырыпта баяндамасын талқылады. Пленум соңында комсомол қатарына бес студент қабылдады. ҚКХП Атырау облыстық комитетінің II-пленуміне Қазақстан – Атырау облыстық телеарнасы, Ақ Жайық, Атырау газеттерінің

тілшілері және коллеждердің белсенді студенттерімен алпысқа жуық қатысушылар қатысты.

Атырау қаласының Әкімі

С.К.Айдарбековке,

Атырау қалалық маслихат депутаттарына

 

Ашық хат.

 

Ежелден қарттарын сыйлап, құрметпен қарап, өнеге тұтқан елміз. Зейнеткерлеріміздің еңбегі өлшеусіз, сонау Кеңес Одағы кезіндегі еңбегінен бөлек, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған жылдардағы еңбектері де орасан деп айтуымызға болады.

Алайда қазіргі таңда зейнеткерлерге деген құрметіміз жетіңкіремей тұрғанын мойындауымыз қажет.

Себебі, өз мемлекетіміздің облыс орталықтарындағы жағдайды салыстыра қарайтын болсақ Астана қаласында зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына ие, ал Атырау қаласында 50 пайыз жеңілдетілген бағамен жүре алады.

Барлық статистикалық мәліметтерге қарағанда Атырау өңірі ең көп жалақы төленетін және ең қымбат тауарларды (азық-түлік, киім-кешек т.б) тұтынатын елді мекен болып саналады. Дегенмен, зейнеткер зейнетақысы коммуналдық төлемдерін төлегеннен кейін, азық-түлік тағамдарын толыққанды алуға жетпейтіндігі мәлім.

Жоғарыда айтылғандар негізінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары қалалық мәслихат депуттаттарымен бірлесіп зейнеткерлерге қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіншілігін қарастыруды талап етеміз, – деді ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бір топ мүшелері. II-ші пленумінде қабылданды.

 

 

 

 

Гүлжан Инжелова

ҚКХП Атырау облыстық

комитетінің

баспасөз хатшысы

Яндекс.Метрика