Home » "Коммунист Казахстана", № 43//13.12.2013 » ОРЫНДАЛМАҒАН ЖОСПАР: МӘСКЕУ ҮШІН ШАЙҚАС

ОРЫНДАЛМАҒАН ЖОСПАР: МӘСКЕУ ҮШІН ШАЙҚАС

5 желтоқсан тарих беттерінде өшпес із қалдырған күн. Себебі дәл осы күні 1941 жылы Дүниежүзілік соғыстағы ең ірі және маңызды шайқастардың бірі Мәскеу үшін шайқас жеңіспен аяқталды.  Халықтық коммунистерде бұл аутаулы күнді ұмытпай, жас ұрпаққа мұндай маңызды оқиғаларды түсіндіру керек деген ойда. Себебі біздің бастауымыз сол тарихта жатыр.

Неміс әскерлерінің Мәскеуге шабуылы 1941 жылдың 30 қыркүйегінде басталды. Жоспар бойынша, неміс әскері жаппай шабуыл жасай отырып, қыс түскенге дейін Мәскеуді басып алуға тиісті болды. Бұл міндетті іске асыру үшін Германия Мәскеу бағытына 74,5 дивизия (1,8 млн-нан аса адам), 1700-дей танк, 1390 әскери ұшақ, 14000 зеңбірек пен миномет шоғырландырды. Ал Мәскеу бағытын қорғап тұрған кеңестік Батыс Резерв және Брянск майдандарының құрамында 1250 мыңдай адам, 990 танк, 677 әскери ұшақ, 7600 зеңбірек пен миномет болды.

Мәскеу шайқасы Екінші дүниежүзілік соғыс тарихындағы ең ауыр және ауқымды оқиғалардың қатарына жатады. Мәскеуді қорғау және қарсы шабуыл ұрыстарына екі жақтан 7 миллион әскер, 6,5 мың танк, 3000 ұшақ қатысты. Мәскеу түбіндегі немістердің жеңілісі «Шұғыл соғыс» («Блицкриг») жоспарын күйретумен қатар, фашистік Германия әскерлерінің «жеңілмейтіні» туралы аңызды да жоққа шығарды. Мәскеу түбіндегі шайқас Ұлы Отан соғысы барысындағы түбірлі бетбұрыстың негізін жасады, ендігі жерде шабуыл жасау бастамасы кеңес әскерлерінің қолына көшті.

Вячеслав Артемьев, АҚК Ардагерлер кеңесінің төрағасы:  

– Осы атаулы күнде біз ардагерлерге хабарласып, олардың қал-жағдайын сұрап, соғыс туралы еске аламыз. Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан Алматы қаласындағы ардагерлер өткен күні Мәскеуге ұшып кетті. Оларды ресейліктер осы күнге байланысты, осы күннің маңызды екендігін ескеріп,  арнайы шақырып отыр. Ардагерлеріміз оралған соң «Коммунист Қазахстана» газетінің оқырмандарына олардың бұл сапардан алған әсерлері туралы толық айтып берімз және соғыс тақырыбына қатысты материалдар тізбегін одан әріқарай жалғастырамыз. 

 

Әзімхан Гүлнұр, Алматы

Яндекс.Метрика