Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Қош келдің, Жаңа жыл!

Қош келдің, Жаңа жыл!

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы Келе жатқан жаңа 2014 жыл мерекесіне арнап «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік шараны Ғабит Мүсірепов атындағы №5 орта мектебімен бірлесе ұйымдастырды.

Жаңа жылды жұртшылық асыға күтеді. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, атаулы мереке алдында бәріміз үлкен дайындық жасайтынымыз анық. Бәріміздің асыға күтетін, сүйіп қарсы алатын бірден-бір мерекеміздің көңілді де қызықты өткеніне не жетсін? Келер жыл Жылқы – қазақ даласының екінші есімі. Қазақ ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір-біріне етене жақын тамырлас та, тағдырлас айтылады. Жылқының қазақ тарихында алатын орны ерекше. Шетсіз – шексіз далада адам жаяу ұзақ жүре алмайды, ал астында аты бар адам қашқанда құтылып, қуса жетіп тіршілік етеді. Сол себепті қазақтың «Жылқы – ер қанаты» деген сөзі жылқының адам өміріндегі орнын көрсетеді. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні соншалық, «қазақ жылқы мінезді» деп өзінің мінез-құлық, бітім – болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет, әрі бұл қазақтың осы түлікке деген аса жоғары құрметінің белгісі. Шара барысында Ғабит Мүсірепов атындағы №5 орта мектебінің директоры Баянсұлу Асылбекқызы барлық балаларды құттықтап, мектеп аралық өткен жарыстардың жеңімпаздарын дипломдармен марапаттады. Жүздері әрқашан жарқын, көңілдері шаттыққа, өмірлерін думанға толы болсын. Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын!-деп осы мерекеге арнайы демеушілік қолдау көрсеткен Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалына үлкен алғысын білдірді. Жаңа жылды асыға күтетін кішкентай жетім бүлдіршіндерге, мүгедектерге және алтын белгі үміткерлеріне аяз ата, ақша қармен бірге жаңа жылдық мерекелік бағдарлама ұсынылып, жаңа жылдық дайындалған сыйлықтар берілді. Халық коммунистері Жаңа жыл тұсында облыс бойынша 70 – ке жуық бүлдіршінді қамтыды.

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын !Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2013 жыл біз үшін берекелі де жемісті болды.Біздің көпұлтты өңірімізде татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Осы ымырашылдық бізге кезкелген қиындықты жеңуге септігін тигізуде.Келер жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке,бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін деді – ҚКХП Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев.

 

Гүлжан Инжелова

Атырау қаласы

26.12.2013ж.

 

 

 

Яндекс.Метрика