Home » "Коммунист Казахстана" » Павлодарда қоғамдық көлікте жол жүру бағасы қымбаттайды

Павлодарда қоғамдық көлікте жол жүру бағасы қымбаттайды

1 маусымнан бастап Павлодарда трамвайларда жол жүру билетінің бағасы 35 теңгеден 40 теңгеге артады.

Автобустар мен шағын автобустарда жол жүру бағасы 1 шілдеден бастап 40 және 45 теңге болады. Автобустарда жеңілдікпен жүру және тегін билет алу мүмкіндіктері бұрынғыдай қалады. Зейнеткерлер бұрынғыдай жол ақысы үшін 20 теңге төлейтін болады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне бағаны қымбаттату туралы өтінішті «Павлодар тасымалдаушыларының одағы» қауымдастығының басшылығы айтқан.

Яндекс.Метрика