Home » "Коммунист Казахстана" » Письмо в редакцию

Письмо в редакцию

ҚР Президентінің Әкімшілігіне

«Нұр Отан» партиясына

«Коммунист Казахстана» газетіне

Тәшимова Мара Қалиқызынан, көп балалы ана, «Күміс алқа» иегері, зейнеткер

Мен алты балалы ана ретінде, Жақсы ауданының әкімі И.Қабдуғалиевке денсаулығымның нашарлығына байланысты (құлағым естімейді, көзім нашар көреді, 3 тобының мүгедегімін) бюджеттік қаражатқа салынған үйлерден пәтер сұрап, талай барып едім, ол әкім маган менсінбеулік, дорекілік мінез көрсетіп, маған: «оформляйтесь в дом престарелых, уменя нет квартир для таких как вы!» – деп кабинетінен шығарып салды. Осындай аудан басшысының қарияларға мінез көрсетуі, мемлекет тілді менсінбейтін, тек қана жемқорлық пен сыбайластыққа жақын адамдарды танитынды қалай мемлекеттік қызметке тағайындайды – әлде осындайлар жоғары облыс басшыларына да ыңғайлы шығар?

6-7жылдың ішінде 5-6 көп қабатты үйлер салынып, тек Қабдуғалиев өзіне керек жалғыз басты әйелдерге, болмаса полиция және прокуратураның, әлде ТНК жеке фирманың қызметкерлеріне пәтер беріп, солай толтырады.

Тайтанова Ж. – әкімшіліктін басшысы, Сейдахметова Л. Халықты еңбек пен әлеуметтік қорғау бөлімінің менгерушісі (жеке басты әйел), Садыров – құрылыс бөлімінің бастығы, Кинтонов – білім бөлімінің заңгері, Саутова №2 мектептің директоры, оның баласы Саутов Б, – маслихаттын жұмыскері, Киздарбеков (жеке басты) прокуратураның қызметкері, Сатыбаев АПБ бастығы, Назаренко – ТНК фирмасынан, сондай-ақ тағыда ауданға белгісіз, еңбектері сінбегендерге беріп, тек қана өзіне лайықты, қоррупцияға жақындарды жақындарды жақтайды. Ал мен, Борамбаева Дәмеш, Мақубаева (осы қария әйелдерде талай барған) сияқты кемпірлерден не пайда?

Менің әкем Қали Еспенбетов осы Жақсы станциясын салған бірінші теміржолшы, оның атында көше де бар, өзім сол әкемнің атына кір келтірмей, ауданда зейнетке шыққанша қызмет істедім.

Осы пәтерлерді бөлу мәселесін тексеріп, заңға  келтіріп, бұзақылықтарды тәртіпке шақырып, қызметтен босатып, заңға шақыруды өтінемін.  Қарияларға көмектесуді сұраймын. Жақсы ауданындағы жаңа үйлердегі пәтерлерді заңды түрде беріпөболуін 2000-2011 жылдар бойынша тексеріп, ашық халыққа тізімін жеткізіп, жария етуді ұсынамын

Өтінішпен, Тәшимова М.Қ

Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Амангельды көшесі, 5 үй, 1 пәтер тұрғыны

Яндекс.Метрика