Home » Партийная жизнь, Фракция "Народные коммунисты" » Предвыборная платформа

Предвыборная платформа

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

сайлауалды тұғырнамасы

“Халықтың болашаққа деген құқықтарын қайтарамыз!”

Әлемдік экономикалық дағдарыс капиталистік даму жолының тығырыққа апаратыны дәлелдеді. Шикізатқа тәуелді Қазақстан да сол жолмен жүруде.

Отандық өндіріс құрдымға кетті. Халық жұмыссыздықтан жапа шегуде. Шаруалар ауылдан кетуде. Байлар мен кедейлер табыстарының арасындағы айырмашылық күннен күнге өсуде. Нан мен дәрі-дәрмектің, жарық пен жылудың бағасы өсуде. Денсаулық сақтау мен білім беру жүйелерінің сапалары халықтың сұранысына жауап бермейді. Билік сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан. Адамгершілік пен моральдық құндылықтар жойылды.

Біз табиғи байлығымызбен және халқымыздың еңбекқорлығымен жоғары деңгейлерге ғана лайықтымыз! Қазақстан экономикасы мен мәдениеті дамыған әділетті әлеуметтік мемлекет болуы тиіс.

Сол үшін халықтық коммунистер Парламентте келесі мәселелерге қол жеткізбекші:

1. Өндіруші өнеркәсіптер мен экономиканың басқа да негізгі салаларын ұлттандыру. Халықтың көпшілігінің тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында қазба байлықтарының пайдасын әділ түрде бөлу.

2. Жер ресурстарын пайдалану принциптерін қайта қарау, сонымен бірге егістіктерден алынатын тағам өнімдерін тұтынушыларға тікелей жеткізу нормативтерін енгізу.

3. Экономиканың шикізатқа бағытталғандығын азайту. Халық тұтынатын тауарлар өндірісін кеңейту. Осы негізде ауылдар мен қалаларда жаңа жұмыс орындарын ашу.

4. Шағын бизнеске және өзін-өзі қамтамасыз етушілерге жеңілдетілген салық пен несие жолдары арқылы (жылдық өсімі 6% жоғары емес) көмек көрсету.

5. Ең төменгі күнкөріс есебін есептеудің жаңа әдістемесін енгізу, сол арқылы зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылардың, бюджет қызметкерлерінің жалақыларын белгілі бір деңгейде өсіруге қол жеткізу.

6. Жалдамалы жұмысшылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ететін және еңбек ету сағаты бойынша минималды тұрғыда ақы төлеу нормасын енгізетін жаңа Еңбек кодексін қабылдау.

7. Негізгі тауарлар мен коммуналдық қызметтерге мемлекет тарапынан шектеулі бағаны белгілеу, оның сақталуын қамтамасыз ететін халықтық бақылауды енгізу.

8. Қол жетімді тұрғын-үй, сапалы медициналық көмек, тегін білім беру жүйесін қалпына келтіру, жоғары және орта оқу орындарының түлектерін алғашқы жұмыс орнына орналастыру кепілдігі.

9. Өскелең ұрпақты гуманизм құндылықтарына, патриоттық және интернационалдық тұрғыда тәрбиелеу, Қазақстан халқының өз-өзін басқаратын қауымдастығын құру.

10. Мемлекеттік басқару жүйесін кезең-кезеңмен халықтық билікке есеп беруге алмастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлықпен нақты күрес.

Біз байлармен емес, кедейлікпен күресеміз. Біз жетістіктің тонаудың, сыбайлас жемқорлықтың, жұмысшылардың күшін қанаумен емес, заңды табыстар арқылы келуін қалаймыз! Біз еңбек ететін халықтың құқығын қорғаймыз!

Біздің Тұғырнамамыздың жүзеге асуы елдің әлеуметтік сипатын толықтай өзгертеді.

ЕҢБЕК ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ! ХАЛЫҚ БИЛІГІ! ӘДІЛДІК!

Предвыборная платформа

Коммунистической Народной партии Казахстана

“Вернём народу право на будущее”

Мировые экономические кризисы подтвердили тупиковый путь капиталистического развития. Превращённый в сырьевой придаток Казахстан, движется той же дорогой.

Отечественное производство разрушено. Население страдает от безработицы. Крестьяне покидают аул. Растёт разрыв между доходами богатых и бедных. Дорожают хлеб и лекарства, свет и тепло. Качество здравоохранения и образования не отвечают запросам народа. Власть коррумпирована. Обесценились нравственность и мораль.

С нашими природными богатствами и трудолюбием народа мы достойны большего! Казахстан должен стать справедливым социальным государством с развитой экономикой и культурой!

Для этого в Парламенте народные коммунисты будут добиваться:

1. Национализации добывающей промышленности и других базовых отраслей экономики. Честного распределения доходов от недр в целях обеспечения роста реального благосостояния большинства населения.

2. Безотлагательного пересмотра принципов использования земельных ресурсов в интересах сельских жителей, а также введения нормативов изъятия с площади пашни продуктов питания и прямой поставки их потребителям.

3. Снижение сырьевой направленности экономики. Увеличения производства товаров народного потребления, на этой основе создание новых рабочих мест на селе и в городе.

4. Поддержки малого бизнеса и самозанятых, путем льготного налогообложения и кредитования по доступным (не выше 6% годовых) ставкам.

5. Введения новой методики расчета прожиточного минимума, который позволит в значительной степени повысить пенсии, социальные пособия, зарплату бюджетников.

6. Принятия нового Трудового кодекса, обеспечивающего защиту прав наёмных работников и вводящего норму о минимальной почасовой оплате труда.

7. Установления государством предельного уровня цен на основные товары и коммунальные услуги, обеспечения народного контроля за его соблюдением.

8. Доступного жилья, качественной медицинской помощи, возрождения системы бесплатного образования, гарантированного первоначального трудоустройства выпускников высших и средних специальных учебных заведений.

9. Воспитания подрастающего поколения на ценностях гуманизма, патриотизма и интернационализма, создания самоуправляемого сообщества народов Казахстана.

10. Реальной борьбы с коррупцией, предполагающей поэтапное изменение государственной системы управления на подотчётную народу власть.

Мы боремся с бедностью, а не с богатыми! Мы хотим, чтобы достаток являлся следствием законных доходов, а не грабежа и эксплуатации трудящихся! Мы за права трудового народа!

Претворение в жизнь нашей Платформы в корне изменит социальный облик страны.

ПРАВО НА ТРУД !

ВЛАСТЬ ТРУДОВОМУ НАРОДУ !

СПРАВЕДЛИВОСТЬ !

Яндекс.Метрика