Home » "Коммунист Казахстана" » ҚР азаматтарының тең жартысы Мәжіліс сайлауына қатысуға ниетті

ҚР азаматтарының тең жартысы Мәжіліс сайлауына қатысуға ниетті

Өйткені көпшілігі болашағының бұлыңғыр болуынан сескенеді. Бірақ көппартиялы жүйенің халық үшін тиімді боларына сенім мол. Сайлауалды әлеуметтік сауалнама жүргізіп шыққан Саяси шешімдер институтының сарапшылары осындай қорытындыға келіп отыр.

Әсіресе халық соңғы уақытта қымбаттап кеткен азық-түлік, коммуналдық төлем, медициналық қызмет және төмен жалақы сынды мәселелердің бір шешім тауып, тұрақтылықтың орнарына үмітті. Ең бастысы – саяси реформа түзелуі тиіс. Сондықтан кем дегенде халықтың 50 пайызы 15 қаңтар күні өтетін сайлауға барып, өз таңдауындағы партиясына дауыс бермек. Әлеуметтанушылардың сөзіне қарағанда, сайлаушылардың бұндай сенім білдіруіне Мәжілістің кем дегенде екі партиядан құралатындығы себеп болса керек.

Яндекс.Метрика