Home » Партийная жизнь, Центральный комитет КНПК » ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.Ә.Ахметбеков бүгін 10 шілдеде «Ақмола вагон жөндеу зауыты» Акционерлік Қоғамының жұмысшыларымен кездесті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.Ә.Ахметбеков бүгін 10 шілдеде «Ақмола вагон жөндеу зауыты» Акционерлік Қоғамының жұмысшыларымен кездесті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚКХП хатшысы, ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясы жетекшісінің орынбасары Ж.Ахметбеков осы сессияда Парламент қабылдаған заңдарға, елде жүргізіліп жатқан индустриялық-инновациялық даму мәселелеріне тоқталып өтті. Жұмысшылар тарапынан қойылған қазіргі қоғамда қызу талқыланып жатқан зейнетақы реформасы туралы, жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау, баспана мәселелеріне байланысты және т.б. қойылған сұрақтарына жауап берді. Депутат Ж.Ахметбеков Парламент мүшелері – коммунистер қашанда жұмысшылармен, бұқара жұртшылықпен тығыз байланыста болатындығын, қажеттілік болса оларды жеке қабылдау жүргізетіндігін атап өтті.

Жұмысшылар коммунист-депутатқа бірқатар ұсыныстарын айтып, болашақта байланыста болуға тілек білдірді.

Кездесу соңында «Ақмола вагонжөндеу зауыты» АҚ Президенті Зейнолла Рақымұлы Шибкенов депутатқа зауыт жұмысшыларымен кездесу өткізгеніне  алғыс білдіріп, зауыттың цехтарымен және жұмысшылар ауқаттанатын асханасымен таныстырды.

 

ҚКХП баспасөз қызметі.

(мақала өзгертусіз жарияланды)

Яндекс.Метрика