Home » "Коммунист Казахстана" » Ресейліктерге жалға берілген Тайсойған полигонының аумағында 22 перспективалық мұнай кеніші бар

Ресейліктерге жалға берілген Тайсойған полигонының аумағында 22 перспективалық мұнай кеніші бар

«Атырау  облысында  «Тайсойған»  әскери   полигонының аумағынан   мол мұнай  қоры табылып отыр.

Бірақ  полигон  жұмыс істеп  тұрғандықтан,   әзірге    ол  кенішті   игеру  мүмкін  емес», –  дейді   «ЕмбіМұнайГаз»   компаниясының   директоры Жұмабек Жамауов.

Оның айтуынша,  749 582   гектар ауданды алып  жатқан  Тайсойған  полигонына  жақын  маңда қазіргі таңда   Шығыс Молдабек,    Береген  Жоламанов және  Солтүстік Қотыртас   кеніштері игерілуде және   ол жерлерден   жылына  496  мың тонна  мұнай     өндіріледі.   Полигонның аумағында  тағы екі     кеніш  – Уаз  және Қондыбай кеніштері  табылып  отыр,  олардың  ұңғылары  5 мм   штуцермен    700  метр   тереңдіктен    тәулігіне  11-14  тонна мұнай  берген.    Тайсойған  блогында барлығы  22 перспективлық  мұнай    кеніші бар және  олардың     геологиялық  қоры  480  миллион тоннадан астам мұнайды  құрайды.

«Бірақ   Тайсойған  полигоны ресейлік   әскерилерге жалға берілгендіктен,    әзірге онда    мұнайды кеңінен өндіру мүмкін  емес», – дейді  Ж.Жамауов.

Яндекс.Метрика