Home » "Коммунист Казахстана" » Республика туы қала орталығында желбіреді

Республика туы қала орталығында желбіреді

Қазақстан Республикасының туы – еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш ететін мемлекеттік рәміз. Туымызда бейнеленген қыран ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған Қазақстан Республикасының тәуелсіз, еркін мемлекеттің белгісі.

Геральдика тiлiнде көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi халықтарында мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы суретшi Шәкен Ниязбековті айта кету қажет.

Екібастұз қаласы орталығында мемлекетіміздің туы орнатылған 22-метрлі флагшток жақында ғана салтанатты түрде желбіретілген болатын. Бұл Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай “20 жұлдызды күн, 20 жұлдызды шың” атты мерекелі шаралар цикліндегі алғашқы акция болып табылады. Туды көтерген кезде қалалық маслихат депутаттары, Екібастұз этномәдени бірлестік өкілдері, біздің ардагер-коммунисттеріміз болды.

Екібастұз қалалық ҚКХП баспа орталығы

Яндекс.Метрика