Home » Атырауский обком » Республикалық «Алау» әскери-спорттық ақтық ойыны

Республикалық «Алау» әскери-спорттық ақтық ойыны

Атырау қаласында «Алау» әскери – спорттық ойынының республикалық ақтық кезеңін өткізу бағдарламасы мектеп оқушылары арасында  Облыстық білім беру басқармасының қолдауымен «Батыс өңірлік қолбасшылығы» әскери бөлімшесінде өткізілді. 2-ші шілде күні Жеңіс саябағында салтанатты ашылуы, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл шараға Білім және ғылым министрлігі, Облыстық білім беру басқармасы,  және Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті қатысты. Шараның алғашқы құттықтау сөз кезегі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жексенбаева Үміт Бақытжанқызына, Атырау облысы әкімінің орынбасары Есмұратов Мереке Отарұлына және Ұлы Отан соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Ризуанов Халимоллаға берілді. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласынан келген «Жас қыран» командасының мүшесі жас ақын Жұмашева Еркежан Хиуаз Доспановаға арнап жазған өлең шумақтарын оқыды. Алаңға жиналған қонақтар Ұлы Отан соғысы және ауған соғысында қаза тапқандарға тағзым етіп, бір минуттық үнсіздік жариялап еске алды. Жас ұландар мен қонақтардың құрметіне Ішкі істер департаментінің «Арлан» арнайы бөлімшесі әскери көрсетілімдерін көрсетті. «Алау» әскери-спорттық ойынының негізгі мақсаты мен міндеті: Әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандыру және жетілдіру; Оқушылардың елжандық сезімдерін қалыптастыру; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қызметіне жастарды тәрбиелеу және дайындау; Ойынды Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік  орталығы қолдау көрсетті. Республикалық «Алау» әскери-спорттық ойынына облыстық ақтық ойынының жеңімпаз командалары арасында он алты команда қатысты. Команда құрамы 10 адамнан құралды, 7-8 сынып оқушылары және жетекшілері бақтарын сынады.  Ойын сегіз номинациядан тұрды. Ойын бағдарламасы: жарыстар (пневматикалық қарудан ату; АК-74 макетін толық емес бөлшектеу және қайта жинау, газтұмылдырықты кию, жүзу, жүгіру және т.б) әскери-спорттық эстафета (лабиринттан, тышқанаулағыштан өту; пневматикалық қарудан ату; 1,5 метрлік қабырғалы кедертіден өту; граната лақтыру; арқанкөпірден өту; алғашқы медициналық көмек;) осының барлығы ойынның барсында өтіп жатты. Оқушылардың арасында бақ сынасу тартыстығы қызықты әрі әділ түрде өтетіндігіне сеніміміз мол. Ойын нәтижелерінің қорытындысын алдағы уақытта міндетті түрде хабардар етеміз.

Гүлжан Инжелова

Атырау қаласы

Яндекс.Метрика