Home » Партийная жизнь » Құрметті Жамбыл Аужанұлы!

Құрметті Жамбыл Аужанұлы!

Сізді адам өмірінің айтулы мерекесі – туған күніңізбен құттықтаймыз! Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде әріптестеріңіз жақсы біледі. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы азаматтан халықтың арасында белгілі саясаткер деңгейіне көтерді. Сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшы, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты азаматсыз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген партия бойындағы әріптестеріңіз үшін зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.

Құрметті Жамбыл Аужанұлы!

Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.

Негізгі заң шығарушы органында қоғамның игілігіне қызметіңіз табысты болғай.

Қазақстан Коммунистік

Халық партиясының

Орталық Комитеті

Яндекс.Метрика