Home » Партийная жизнь, Центральный комитет КНПК » Құрметті Жанна Әбдірахманқызы!

Құрметті Жанна Әбдірахманқызы!

Сізді айтулы белес – мерейлі 50 жасыңызбен құттықтаймыз! Еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген партия бойындағы әріптестеріңіз үшін зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.

Бүгінгідей мереке күні Сіздей асыл жанға арайлы таңның самалындай көңіл-күй және туған халқыныздың мерейіндей телегей теңіз қуаныш, баянды бақыт, еңбегіңізге жеміс және отбасыңызға амандық тілейміз.

 

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

Орталық комитетінің бюросы

Яндекс.Метрика