Home » Кызылординский обком » Сайлау науқаны

Сайлау науқаны

Қазақстанға бақылаушы ретінде келген ТМД мен АҚДИБ/ЕҚЫҰ өкілдері өз жұмыстарына етене кірісті. Желтоқсанның 28-ші жұлдызында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының (ҚКХП) Қызылорда облыстық комитетіне АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшілігінің саясат-экономика бөлімінің екінші хатшысы Мэтью Бригс келді. Облыстық сайлауалды штабының басшысы Жұмабек Досаевпен және партия мүшелерімен танысып болған соң қонағымыз партия өмірі мен, атқарылып жатқан жұмыстар жайында мағлұмат алды. Облыстық штабтың жетекшісі Досаев Жұмабек партия тарапынан өткізілген іс-шаралар мен қайырылымдылық акциялары жайында айтып, атқарылған үгіт-насихат жұмыстарымен таныстырып өтті. Орталық республикалық штабтан жіберілген үгіт материалдары мен олардың мазмұнын түсіндіріп өтті. Бригс мырзаның сұрақтарының бірі, партия қатарындағы жастардың құрамы болды, партия қатарындағы жастар 40 пайызды құрайтынын естіген ол, сәл таң қалғандай. «Мен мүмкін теріс ақпарат алған екенмін деп ой білдірді» – Бригс мырза. Партия жастары «Комсомол» белсенділерінің әрбір өткізілген акцияға белсене атсалысатынын, «Жағажай сайысы», «Баларға кітап сыйлайық», «Қан қысымын тексерейік», «Темекіні беріп, денсаулық ал», «Өзгелелерге өмір сыйла» атты акциялар барысында түсірілген фотосуреттер арқылы шетелдік өкілді дән риза етті. «Біздің басты мақсатымыз, ол Қазақстанда 15 қаңтар күні болатын сайлаудың әділ өтуін қадағалау, ешқандай партияның жақтасы емеспіз, біз бәріне де бірдей қараймыз» – деп өзінің келуін қорытындылады Мэтью Бригс. Сонымен қатар келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, облыстық штабтың жұмысы өрге бассын деген жылы лебіздерін білдірді.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

Қызылорда облыстық сайлауалды штабының

баспасөз хатшысы Жунусова М.

Яндекс.Метрика