Home » "Коммунист Казахстана" » Семей биыл қыстан қысылмай шыға ала ма?

Семей биыл қыстан қысылмай шыға ала ма?

Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы Семей қалалық комитетінің белсенділері жылу маусымы басталған шақта «Семей қаласы қысқа дайын ба?» деген тақырыпта жиын өткізді. Бұл күрделі мәселені халықтық коммунистер былтырғы жылы да көтерген болатын. 2010 жылы «Юность» шағын ауданындағы тұрғын үйлер қыс бойы жылуға жарымаған болатын. Сонымен қатар 2011 жылдың басында жылу энергетикалық орталығында орын алған апаттық жағдайлардың кесірінен бүкіл сол жағалау тұрғындары қақаған аязда мүлдем жылусыз қалып, қиын жағдай қалыптасқан еді.

Биылғы жылу беру маусымы да Семейде сәтсіз басталды. Қатты суық басталған жоқ, алайда қазірдің өзінде қаланың сол жақ бөлігіндегі жылу желілерінде бірнеше рет ақаулар орын алып, соның салдарынан көп қабатты тұрғын үйлер жылусыз отыруға мәжбүр болды. Осы жайттардың барлығы Семей тұрғындары алдағы қысты қалай өткізеді деген сауалдың туындауына себеп болуда.

Осы орайда актив мүшелері Семей қаласы әкімінің атына жылуға қатысты түсінік беруді сұрап үндеу жолдады. Алайда жергілікті атқарушы билік тарапынан әзірге ешқандай жауап жоқ.

Жоғарыда аталған жиын барысында ҚХКП Семей қалалық комитетінің жақтастары мен мүшелері биыл жылумен қамтамасыз етуде осындай олқылықтар мен кемшіліктерге жол бермеу мақсатында жылуға қатысты өзекті мәселені назарда ұстауға келісті.

ҚКХП Семей қалалық комитетінің активі

Яндекс.Метрика