Home » "Коммунист Казахстана", № 1// 26.03.2014, Партийные СМИ » Сенбілік ұйымшылдық танытты

Сенбілік ұйымшылдық танытты

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы «Ленин аллеясы» деп аталатын Жилгородок саяжолындағы Владимир Ильич Ленин ескерткішінің алдында 12 сәуір күні сенбілік өткізді.

Осы шарамызға партия және еңбек ардагерлері, комсомол жастар қанаты тобының мүшелері, мектеп оқушылары, колледж студенттері барлығы 100 – ге жуық қатысушы қатынасты.

Оның мақсаты – қаланың шырайын әрлендіре түсу.Тазалыққа арналған талай шаралар да өткізілді. Соның ішінде, өткізілетін сенбіліктердің орны ерекше. Сенбілік аясында қала аумағын күл-қоқыстан тазартумен қатар, ағаш отырғызу, көгалдандыру сияқты жұмыстар қолға алынды.

Ағаштар мен бұталарды отырғызумен қатар, саябақтар мен бақжолдарын тазалау, жасыл желектерді отырғызу үшін көктемгі агротехникалық жұмыстар жүргізілді.

         Шырайлы күндер орын алған уақытта аула аумақтарын өтпе жолдармен бірге абаттандыру. Жалпыхалықтық сенбіліктің қоғамның назарын  қала көшелерінің тазалығын сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор.  Қаламыздың тазалық жағдайы мен көріктенуі, үйлердің сыртқы көрінісі мен әрқайсымыздың тұрмыстық мәдениетіміз қарапайым ұғымдардан тұратындығын ұмытпайық.

         «Таза қала ауладан басталады» акциясы кезінде де талай жұмыстар атқарылды. Қала – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет.

Өткен тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ, сенбіліктер Азаматтық соғыс пен соғыс басқыншылық кезінде, В.И.Лениннің темір жол жұмыстарын жақсартуға арналған ұранына жауап ретінде, 1919 жылдың көктемінде пайда болды. Алғашқы сенбіліктің бастамашысы болып Москва-Сортировочная Московско-Казанская депосының темір жол жұмысшылары шықты. Сенбі күні 12 сәуірде депоның 15 коммунисі 10 сағат ішінде 3 паровоз жөндеп шығарды. Дәл осы жағыдай В.И.Лениннің Великий почин  мақаласын туғызды. Ол тұңғыш рет 1919 жылыдың шілде айында жеке кітапша болып жарық көрді. Өнеркәсіп мекемелерінде қолдауын тапқан, мәскеулік темір жол жұмысшыларының бастамасын Ленин социализмнің құрылысын бастаған еңбекқор көпшілігінің ерлігі деп атады. Ол, шаруашылық бүліншілік, аштық, еңбек өнімділігінің құлдырау кезінде, сенбіліктерді еңбекке жаңа коммунистикалық көзқарас ретінде қабалдады.

Қазіргі кезде ауланы қоқыстар мен қалдықтардан тазалау және көріктендіру бойынша көктем мен күзгі күндері жалпықалалық және жалпымемлекеттік сенбіліктер ұйымдастырылуда. Жазғытұрым аулаларға, жеке аумақтарға жас көшеттер отырғызуға арналған сенбіліктер де өтеді. Жилгородок мөлтек ауданында халық тығыз қоныстанған. Базары мен сауда орындары көп. Бірнеше колледж, мектеп, өндіріс орындары, балабақшалар бар. Көпқабатты тұрғын үйлердің де саны басым.  «Ленин аллеясы» деп аталатын Жилгородок саяжолындағы Владимир Ильич Ленин ескерткіші орналасқан аулаға тазалау жұмыстарын жүргізіп, В.И.Ленин ескерткішін қара бояумен сырлап, жан – жағына ақтау жұмысы жасалды. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев халықпен жиі жиі кездесіп, тазалық  жұмыстарын жүргізді. Жеке үйлерге қарағанда, көпқабатты тұрғын үйлердің маңайы мен төңірегі қашан көрсең  ыбырсыққа, қоқысқа толып жатады. Қоқыс салатын арнайы  жәшіктер, орындар барына қарамастан тұрғындар кез-келген жерге қоқыстарын тастай салады.  Арасында не жоқ  дейсіз, өлген жануарлардың өлекселерін де осы аймақтан жиі көресіз. Көпқабатты тұрғын үйлердің алдына отырғызылған көшеттер де күтім болмағандықтан құрап кетеді, арық тазаланбай, іші күл-қоқысқа толған. Алдағы сенбі халық коммунистері ауламызды, жерімізді, таза ұстайық деген ұранмен сенбілік өткізеді.  Бұл игі іс-шарадан қала тұрғындары да шет қалмайды. Төңіректер тазаланып, тал-теректер  әктеледі, арық-атыздар шабылады. «Тазалық- денсаулығымыздың кепілі» екенін ұмытпасақ та, ұмытып кете беретіндерге не деуге болады? Өздерінің денсаулығын, келешегін ойлайтын тұрңындарды, жастарды тазалыққа, сенбілікке шақырамын. Ерболат Дәулетқазиев.

 

ҚКХП Атырау облыстық филиалының

баспасөз қызметі.

Яндекс.Метрика