Home » Атырауский обком » Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – экономиканы дамыту

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – экономиканы дамыту

Үмбетжанов Ж. «Консул» ЖШС директоры: Бүгінгі таңдағы еліміздің шағын және орта бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар көп, оларды жұртшылыққа таныстыруымыз парыз.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – экономиканы дамыту» сөз тіркесінің астарында қандай түсінік бар екенін айтсаңыз?

Ел экономикасының қарыштап өркендеуіне әрине шағын және орта бизнестің атқарар ролі белсендірек. Өйткені мемлекет нарықтық мұқтаждықтан құтылады, жұмыссыздық азаяды, салық төлеу арқылы мемлекет қазынасы толтырылады. Ең маңыздысы экономика дағдарысқа ұшыраған кезде үлкен кәсіпорын банкротқа ұшырау мүмкін, ал шағын кәсіп, тез арада елге қажетті өнім шығару не қызмет көрсету саласына аз шығынмен өте алады. Сондықтанда еліміз шағын және орта бизнесті дамытуды басым міндеттер қатарына қойып отыр.

Елімізде шағын және орта кәсіпкерліктің қай саласын дамыту тиімдірек?

Адам өмір сүруіне қажетті мұқтаждықтарды қамтамасыз ететін барлық саланы дамытуға болады. Республикамыздың бар аймағы жер асты байлығына ие, оны өндіру және игеру бізге сын. Ол бір бөлек әңгіме. Ата бабамыздан келе жатқан кәсібіміз мал шаруашылығы арқылы әлемдік нарыққа шығу, осы бағытта кәсіпкерлікті дамыту кезек күттірейтін іс деп білемін. Өйткені біз қазіргі таңда ет пен сүтпен өзімізді толық қамтамасыз ете алмай, өнімдерді шетелден сатып алудамыз.

Мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік бағдарламаларға қысқаша тоқталсаңыз?

Ауыл шаруашылығы бағытында кәсіпкерлікті дамытуға «КазАгроҚаржы» АҚ, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры өз бағдарламаларын арналған. Кәсіпкерліктің өнім өндіру және қызмет көрсету саласын дамытуда берілетін жеңілдіктер, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құруға арналған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бар. Ал жұмыспен тұрақты және нәтижелі

қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыруға бағытталған «Еңбекпен қамту 2020» бағдарламасы жүзеге асып жатыр.

Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар көптеп саналады, алайда қарапайым жұртшылыққа түсіну қиынға соғары сөзсіз. Сондықтан да осы мәселе турасында не айтасыз?

Әрине, халыққа бағдарламаларды түсініп алу аса қиын мәселе емес, мысалы керек бағдарламаларының бүге шүгесіне дейін ғаламтор көздерінде қазақ және орыс тілдерінде жазылып тұр. Ал ғаламторға шығу мүмкіндігі болмаса, онда республиканың барлық аймақтарында «Даму» қорының жанынан ашылған кәсіпкерлікті қолдау орталықтары бар. Сол жерде мамандар түсіндіреді, сонымен қатар жеңілдетілген несие алу, бизнес-жоспарды дайындау, заңнамалық құжаттарды толтыру бағытында да тегін ақпараттық кеңес береді. Орталық орналасқан жер: Атырау қ. Махамбет көшесі, 132 а, телефондары: 8 (7122)252-112, 252

Сұхбатыңызға көп рахмет!

Гүлжан Инжелова

Атырау қаласы

Яндекс.Метрика