Home » "Коммунист Казахстана" » Шығыста күтпеген тасқын болды

Шығыста күтпеген тасқын болды

Өскеменнің шетіндегі Согра шағын ауданына қырғын су жүріп, 47 үй бүлінген. Тосыннан келген тасқынның зардабын жою үшін арнайы комиссия құрылып, қираған үй мен дүние мүліктің шығыны есептелді.

Ал тасқын бұзып кеткен бөгет қайта қалпына келтіріліп жатыр. Бүлінген баспаналарға мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. Сонынмен қатар кәсіпорындар мен мекемелер де көмектерін аяп жатқан жоқ. Осы орайда тасқынға тап болған аудан тұрғындарына көмек көрсету мақсатында облыстық балалар шығармашылығы үйінің өрендері арнайы концерт ұйымдастырды. Бұл шарадан жиналған қаржы сол тұрғындарға көмек ретінде таратылады.

Яндекс.Метрика