Home » "Коммунист Казахстана" » Сіз патриотсыз ба?

Сіз патриотсыз ба?

«Көк тудың желбірегені,

Жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі

Көк тудың желбірегені…», – иа бұл бүгінгі қазақтың ұлтын сүйген ұлағатты жастарының әнұранына айналды десек артық айтпағандық болар еді. Ал патриоттық қақында өз кезінде даңқты батырымыз Бауыржан Момышұлы былайша анықтама берген екен: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-сау­лығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байла­ныстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, мемлекетті нығайту деге­німіз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бү­гінгі күнімен және болашағымен қарым- қатынасын біріктіреді».

Иа әрбір адам баласы өзін толыққанды патриотпын деп айтуы үшін ең әуелі тілі мен дініне, салт-дәстүріне, ұлттық ғұрпы мен діліне адал болуы шартты болар. Десе де, қазақ жастары жалған ұлтжанды деген ағаларымыз бен апаларымыздың пікірлері күн сайын сан қырынан сан түрлі дәлелдермен алға тартылуда. Бұл пікірлер ұлтына деген махаббатын жүректерінің түбіне сақтап, жанын сол ұлттың жолында құрбан етуге даяр жастардың сенімі мен сезімін өшірмейме. Бірақ ұлтын сүйген ұлық та кішік жастар ол жолдан қайтпасы анық. Елбасыі Н.Ә.Назарбаевтың “Егер біз Мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлектіміздің ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынандай мақал бар: “Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз”.Ол жөнінде жастар пікіріне құлақ асып көрелік.

 

Сіз патроитсыз ба?

Еркебұлан Әсабей: Патриотизм-бүкіл қазақстандықтарға, әсірісе енді ғана құлпырып, өсіп келе жатқан жалынды жастарымызға тән. Оларға ең алдымен жоғары білім қажет. Мен өзімді ұлтжандымын деп ұғынамын және менің бойымда ұлт патриоты болуға деген құштарлық жоғары. Бүгінгі менің жолдастарымның, яғни қазақтың ертеңгі тірек жастарының Отан алдыңдағы жауапкершілігі, патриоттық сезімінің жалынды екенін айтқым келеді. Жастарымыздың әлемдік, халықаралық, республикалық түрлі жарыстарда, спорттық олимпиадаларда жүлделі орындар алып көк байрағымызды желбіретуі, біздің рухымызды биіктеткен мен тең. Осыдан қарап-ақ жалынды жастардың қатары көбейіп, патриоттарымызды ұлы сезімдері жоғары екенін танимыз.

Айнұр Өнерханова: Отан деген ұлы сезім. Ал патриотизм ол қашанда биік сезімнің иесі. Сондықтан ұлтжандылыққа қазақтың көкірегінде намысын, көзінде оты бар жастарын тынбай талаптандырып, үзбей іздендіріп, ерінбей еңбектенуге үйрету деп қарағанымыз абзал. Біз өзге елдердің бірі де жасамаған, және де жасайда алмайтын бауырмалшылық біздің ғана ұлтымызға тән. Олай болса бар халықты бауырымызға тарта отырып, жастарымыздың, яки біздердің ақыл парасатымызбен, саналы тәрбиеміз, сапалы білімімізбен, ұлттарымыздың бейбітшілік аясындағы айқын мақсаттарымен біз елеміздің ертеңін жарқыратуға бірге барамыз. Ендеше аға буын атап көрсететін жастардың бойындағы жалған патриотизм дегенге түбегейлі балта шабамыз деп сенем. Мен елімді сүйем!

 

Өз патриоттығыңыздың қалай дәлелдей аласыз?

Нұрбақыт Қасымова: Меніңше мемлекетке қызмет етіп жүрген әрбір жас патриот деп ойлаймын. Себебі елінің ертеңі үшін, қазақ болашағы үшін аянбай тер төгіп келеді олар. Мен елім үшін мынаны жасадым деп оны алға тартудың өзі ақымақтық болар еді. Ұлтын сүйген адамның сезімі жүрегінде болуы керек. Ең бастысы мен патриотпын, ұлтымды сүйем. Және ел болашағы үшін әлі талай істер істеп, көркейген қазақ елі үшін болашаққа бірге барам.

 

ХХІ ғасырда патриоттық қалыптасқан ба?

Әліби Манашев: Өте күрделі сұрақ. Дамыған елімізді көріп, жалынды жастарға қарап қалыптасты деп үлкен сеніммен айтуға болады. Бірақ елімізде күн сайын болып жатқан оқиғаларға қарап отырып осы ғасырда патриоттың ауылы алыстама деп ойлаймын. Кешегі Кеңес кезіндегі патроиттықпен салыстыруға келмейді. Ол кездегі жастар ұлтының атын сақтап қалу жолында жанын қиды. Қазіргілер ше? Сәл нәрсе болса бірін – бірі сатып, әркім өз басын аулаққа ала қашады. Сатқындық мен алауыздық болған ортада ешқашанда патриоттық болмайды. Бірақ бүгінгі күннің індетіне тосқауыл болар Ләзатар мен талай Қайраттар туарына сенем!

Қарлығаш Хашымқызы

Астана

 

Яндекс.Метрика